HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Түсті басқару
Принтер драйверіндегі Түс қойындысында параметрлерді өзгерту арқылы түсті басқару.
Автоматты
Түс опциясын Автоматты күйіне қою əдетте түсті құжаттар үшін барынша жақсы сапаны
қамтамасыз етеді. Автоматты түс реттеуі құжаттағы əр элементтің бейтарап сұр түсінің,
жартылай реңктерінің жəне жиектік жақсартуларының өңделуін оңтайландырады. Толығырақ
ақпарат алу үшін өзіңіздің принтеріңіздің драйвері бойынша онлайн Анықтамалықты қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Automatic (Автоматты) стандартты реттеу болып табылады жəне барлық түсті
құжаттарды басып шығару үшін қолданылады.
Сұр шəкілде басып шығару
Құжатты сұр шəкілде басып шығару үшін принтер драйверінің Print in Grayscale (Сұр шəкілде
басып шығару) опциясын таңдаңыз. Бұл опцияны фотокөшірмесі жасалатын немесе факспен
жіберілетін құжатты басып шығару үшін пайдалануға болады.
Сұр шəкілде басып шығару опциясы таңдалғанда өнім түсті картридждің пайдалануын
азайтатын монохромды режимде басып шығарады.
Қолмен түсті реттеу
Мəтіндердің, графиканың жəне фотосуреттердің бейтарап сұр түсінің, жартылай реңктерінің жəне
жиектік жақсартуларының өңделуін реттеу үшін түстің Manual (Қолмен) реттелуін пайдаланыңыз.
Қолмен реттелетін түс опцияларына кіру үшін Color (Түс) жиекбелгісінен Manual (Қолмен)
тармағын жəне одан кейін Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
Қолмен реттелетін түс опциялары
Мəтін, графика жəне фотосуреттер үшін Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер), Halftone
(Жартылай реңк) жəне Edge Control (Жиектерді Түзету) опциялары үшін қолмен реттелетін түс
опцияларын пайдаланыңыз.
Кесте 8-1 Қолмен реттелетін түс опциялары
Параметр сипаттамалары Параметр опциялары
Halftone (Жартылай реңк)
Halftone (Жартылай реңк) опциялары
шығарылатын түс ажыратымдылығы мен
тазалығына əсер етеді.
●
Smooth (Тегіс) кең, біркелкі толтырылған баспа аумақтары
мен фотосуреттерді жақсартуда түс өтпелілігін тегістеу
нəтижесінде ең жақсы нəтижелерді қамтамасыз етеді. Осы
опцияны аумақты тегіс жəне біркелкі толтыру басым мақсат
болып табылған жағдайда таңдаңыз.
●
Detail (Жете) түстері мен сызықтарында нақты айқындықты
қажет ететін мəтін мен графика немесе үлгілері мен жоғары
деңгейдегі бөлшектері бар бейнелер үшін
қолданылады. Осы
опцияны нақты жиектер мен бөлшектерге басым талаптар
қойылатын жағдаларда таңдаңыз.
Бейтарап Сұр түстер
Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер) параметрі
мəтіндерде, графикаларда жəне фотосуреттерде
қолданылатын сұр түтерді құрудың тəсілін
анықтайды.
●
Black Only (Тек Қара түс) бейтарап түстерді тек қара тонерді
пайдалана отырып құрады. Ол түсті реңктерсіз бейтарап
түстерді кепілдендіреді. Бұл параметр құжаттар мен сұр түс
шəкілдің сызбасын көруге ең жақсы.
●
4-Color (4 Түсті) барлық төрт түсті тонерді
үйлестіре отырып
бейтарап түстерді (сұр жəне қара) кепілдендіреді. Бұл əдіс
64 Бап 8 Windows жүйесіне арналған түс KKWW










