HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Жетілдірілген түстерді пайдалану
Өнім керемет түс нəтижелерін беретін автоматты түс мүмкіндіктерін береді. Мұқият жасалып,
тексерілген түс кестелері барлық басылатын түстердің таза түс бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Оған қоса, өнім тəжірибелі кəсіпқойлар үшін күрделі құралдармен қамтамасыз етеді.
HP ColorSphere тонері
HP баспа жүйелерін (принтерді, баспа картридждерін, тонерді жəне қағазды) бірлесе жұмыс істей
отырып, баспа сапасын, өнім сенміділігі мен пайдаланушы тапсырмаларының нəтижелілігін
оңтайландыру мақсатымен жасап шығарады. Шынайы HP баспа картридждерінде принтеріңізге
арнайы сəйкестендіріліп, жарқын түстердің кең ауқымын өндіре алатын HP ColorSphere тонері
бар. Ол сізге айқын, таза мəтін мен болмысқа жақын басылып шығарылған фотосуреттері бар
кəсіпқой дəрежедегі құжаттарын
жасауға көмектеседі.
HP ColorSphere тонері қағаздың кең ауқымды түрлеріне байланысты болатын баспа сапасының
сəйкестігі мен айқындығын өндіреді. Ол сіз шынайы əсер бере алатын құжаттарды жасай
алатындығыңызды білдіреді. Оған қоса, HP кəсіпқой сапа күнделікті жəне арнайы қағазы (соның
ішінде HP баспа құралдарының кең талғамы мен салмағы) сіздің жұмысыңызға арнап жасалған.
HP ImageREt 3600
ImageREt 3600 көп деңгейлі баспа процесі арқылы түсті лазер класындағы 3600 нүкте дүюймге
(н/д) сапасын қамтамасыз етеді. Бұл процесс берілген аумақта төрт түсті бір нүкте ішінде
үйлестіру жəне тонер көлемін өзгертіп отыру нəтижесінде түстерді нақты басқарады. ImageREt
3600 осы өнімге арнап жақсартылған. Жақсартулар түстерді қамту технологиясын, бір нүктеден
астам орналасуды кеңірек басқаруын жəне бір нүктеде
тонер сапасын нақтырақ басқаруын
ұсынады. Осы жаңа технологиялар HP көп деңгейлі баспа процесімен үйлестіріліп, 3600 н/д
лазер-класс сапасы миллиондаған айқын түстер беретін 600 x 600 н/д принтерін шығаруымен
аяқталады.
Медиа таңдау
Ең жақсы түс жəне бейне сапасы үшін бағдарламалық құралдың принтер мəзірінен немесе
принтер драйверінен жарамды медиа түрін таңдаңыз.
Түс опциялары
Түс опциялары оңтайлы түс шығуын автоматты түрде қамтамасыз етеді. Осы опциялар түрлі
нысандар (мəтін, графика жəне фотосуреттер) үшін оңтайлы түс жəне жартылай реңк
параметрлерін қамтамасыз ететін нысан таңбалауын пайдаланады. Принтер драйвері бетте
қандай нысанның көрінетінін анықтап, əр нысан үшін ең жақсы баспа сапасын қамтамасыз ететін
түс жəне жартылай реңк параметрлерін пайдаланады.
Windows жүйелік
ортасында Автоматты жəне Қолмен реттелетін түс опциялары принтер
драйверінің Түс қойындысында.
Стандартты қызыл-жасыл-көк (sRGB)
Стандартты қызыл-жасыл-көк (sRGB) HP жəне Microsoft корпорациясы мониторлардың, жүктеу
құрылғыларының (сканерлердің жəне сандық камералардың) жəне шығару құрылғыларының
(принтерлер мен плоттерлердің) жалпы түс тілі ретінде дамыған дүние жүзілік түс стандарты
болып табылады. Ол HP өнімдері, Microsoft операциялық жүйлері World Wide Web (Интернет
Əлемдік Желісі) жəне кеңсе бағдарламалардың көбісі үшін пайдаланылатын стандартты түс
68 Бап 8 Windows жүйесіне арналған түс KKWW