HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Күйі
Мəртебе папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Құрылғының жай-күйі. Бұл бетте өнімнің кептелу немесе босап қалған науа сияқты күйлері
көрсетіледі. Сіз мəселенің шешімін тапқаныңыздан кейін өнім мəртебесін жаңарту үшін
Refresh status (Мəртебені Жаңарту) батырмасын басыңыз.
Жабдықтар жай-күйі. Басып шығару картриджінде қалған тонердің пайыздық көрсеткіші,
ағымдағы басып шығару картриджінің көмегімен басып
шығарылған беттер саны сияқты
егжей-тегжейлі мəліметтерді көріңіз. Сонымен қатар бұл бетте жабдықтарға тапсырыс
беруге жəне қайта пайдалану жөніндегі ақпаратты табуға арналған сілтемелер бар.
Құрылғы конфигурациясы. Өнімнің ағымды конфигурациясы жөніндегі, соның ішінде
орнатылған жад көлемі мен қандай қосымша науаның орнатылғандығы жөніндегі егжей-
тегжейлі сипаттамасын көріңіз.
Желі мəліметі. Желінің ағымдағы конфигурациясы жөніндегі
, соның ішінде IP мекенжайы
мен желі күйі жөніндегі егжей-тегжейлі сипаттаманы көріңіз.
Ақпарат беттерін басып шығару. Конфигурациялау беті мен жабдықтар мəртебесінің беті
сияқты өзгедей ақпарат беттерін басып шығару.
ақпараттық беттер 72-бетте қараңыз.
Түсті пайдалану тапсырмалары журналы. Соңғы кезде басып шығарылған құжаттар үшін
түсті пайдалану жөніндегі мəліметтерді көріңіз.
Оқиғаларды тіркеу журналы. Өнім оқиғаларының журналын көріңіз. Ең соңғы оқиға тізімде
бірінші болып беріледі.
Оқиғалар журналы
Оқиғалар журналы өнімнің басқару панелінің дисплейіне шығарылған қателіктер жөніндегі
хабарларға сəйкес келетін кодтар, əр қателіктің қысқаша сипаттамасы жəне ір қателік орын алу
барысында басылып шығарылған бет саны келтірілген кесте болып табылады. Қателіктер
хабарламалары жөніндегі көбірек ақпаратты табу үшін
Басқару панелінің жəне мəртебенің
сигналдық хабарлары 99-бетте қараңыз.
74 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW