HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Сигналдық хабарлар
Сигналдар папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Жай-күйі жөніндегі сигналдарды орнату. Өнімді өзіңізге тонердің төмен деңгейі сияқты
кейбір жағдайларда қалқымалы сигналдық хабарларды беретіндей етіп орнатыңыз.
Электрондық пошта сигналдарын орнату. Өнімді өзіңізге тонердің төмен деңгейі сияқты
кейбір жағдайларда электрондық поштаның сигналдық хабарларын беретіндей етіп
орнатыңыз.
Орнатпа Мəртебесінің Сигналдық хабарлары
Қағаз кептелгенде, НР картриджінің тонер деңгейі азайғанда, НР-емес басып шығару картриджі
қолданылғанда, кіріс науасы босағанда жəне белгілі бір қателер пайда болғанда өнім
компьютеріңізге сигналдық хабар жіберетіндей етіп орнату үшін пайдаланыңыз.
Қабылдау жайылмалы мəзірін, тапсырмалар панелінің белгішесін, жұмыс үстелінің сигналдық
хабарын жəне осылардың барлығының комбинациясын таңдаңыз. Жайылмалы хабар тек өнім
сигналдық хабарлар бапталған
компьютерден басып шығару барысында ғана шығарылады.
Жұмыс үстелінің сигналдық хабары қысқа мерзімге ғана көрсетіліп, автоматты түрде жоғалады.
Тонердің аз деңгейі жөніндегі хабар жіберетін Картридждің төменгі шегі параметрін Жүйені
орнату бетінде өзгертіңіз.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Электрондық пошта сигналдарын орнату
Өнімді өзіңізге кейбір жағдайларда электрондық пошта хабарларын жіберетін екіге дейін
электрондық пошта адресін белгілеу үшін пайдаланыңыз. Сіз əр электрондық пошта адресі үшін
жеке оқиғаны белгілей аласыз. Өзіңізге электрондық пошта арқылы өнім жөніндегі сигналдық
хабарын жіберетін электрондық пошта сервері үшін қажетті ақпаратты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз серверден жіберіліп, пайдаланушының аутентификациясын қажет етпейтін
электрондық пошта хабарын тек конфигурациялай ғана аласыз. Егер электрондық пошта
серверіңіз пайдаланушы атын жəне кілтсөзді көрсете отырып кіруді қажет ететін болса, сіз
электрондық пошта хабарларын қоса алмайсыз.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Өнім туралы ақпарат
Өнім туралы ақпарат папкасында келесі беттердің сілтемелері бар:
Көрсету беттері. Өнімнің түсті баспа мүмкіндіктері мен жалпы баспа сипаттамаларын
көрсететін беттерді басып шығару.
KKWW HP ToolboxFX 75