HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Құпия сөз орнату
Жүйе құпия сөзін орнату үшін HP ToolboxFX немесе енгізілген веб-серверді пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб-серверде Параметрлер жиекбелгісін басыңыз.
HP ToolboxFX ішінде Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз бұрын орнатылған болса, оны енгізу қажет болады. Құпия сөзді теріңіз,
содан кейін Қолдану түймешігін басыңыз.
2. Кілтсөз түймешігін басыңыз.
3. Кілтсөз жолағында орнатқыңыз келетін құпия сөзді теріңіз, содан кейін Кілтсөзді растау
жолағында таңдауыңызды растау үшін сол құпия сөзді қайта теріңіз.
4. Құпия сөзді сақтау үшін Қолдану түймешігін басыңыз.
Көмек
Көмек папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Ақауларды табу жəне жою. Ақауларды табу жəне жою бойынша анықтама тақырыптарын,
баспа ақауларды табу жəне жою беттерін, өнімді тазалау нұсқауларын көру жəне Microsoft
Office Basic Colors (Microsoft Office Негізгі Түстерін) ашу. Microsoft Office Негізгі Түстері
жөніндегі толық ақпаратты табу үшін
Түстер сəйкестігі 66-бетте қараңыз.
Қағаз жəне басып шығару құралы. Өніміңіздің көбігімен қағаз бен баспа құралдарының əр
түрлерін пайдалана отырып оңтайлы нəтижелерге қол жеткізуге болатындығы жөніндегі
ақпаратты басып шығарады.
Түрлі түсті басып шығару құралдары. Microsoft Office жүйесінің негізгі түстерін немесе
түстердің толық палитрасын тиісті RGB мəндерімен ашу. Microsoft Office жүйесінің негізгі
түстері туралы қосымша мəліметтер алу үшін
Түстер сəйкестігі 66-бетте бөлімін қараңыз. НР
негізгі түс теңестіруін баспа тапсырмаңыздағы арнайы түстерді реттеу үшін пайдаланыңыз.
Анимацияланған көрсетулер. Құрылғыңызда жалпы тапсырмалардың қалай
орындалатынын көрсететін анимацияларды көріңіз, мысалы: басып шығарудың ең жоғары
сапасын қамтамасыз ету, қағаз кептелуін жою жəне басып шығару картриджін ауыстыру
əдістері.
Пайдаланушыға арналған нұсқаулық. Өнімді пайдалану, кепілдік, ерекшеліктері жəне
қолдау жөніндегі ақпаратты
көріңіз. Пайдаланушы нұсқаулығын HTML жəне PDF
форматтарында да бар.
76 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW