HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Қағазды Қолдану
Осы опцияны стандартты параметрлеріңізді конфигурациялау үшін пайдаланыңыз. Бұл
опциялар басқару панеліндегі басқару панелі мəзірінен қол жеткізуге болатын опциялармен
бірдей. Толық ақпарат алу үшін
Басқару тақтасының мəзірлері 9-бетте қараңыз.
Өнімде баспа құралдары болмаған жағдайда баспа тапсырмасын орындаудың келесі
опцияларын пайдалануға болады:
Қағаздың салынуын күтіңіз опциясын таңдаңыз.
Баспа тапсырмасын тоқтату үшін Қағаз жоқ кездегі əрекет жайылмалы мəзірінде Тоқтату
батырмасын таңдаңыз.
Баспа тапсырмасын өзге қағаз науасына жіберу үшін тоқтату үшін Қағаз жоқ уақыт
жайылмалы мəзірінде Ауыстыру батырмасын таңдаңыз.
Қағаз жоқ
уақыт жолағында өнімнің таңдауыңыз бойынша амал орындау алдында қанша уақыт
үзіліс жасайтындығы белгіленеді. Сіз 0-3600 секунд аралығын белгілей аласыз.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Басып шығару
Осы опцияларды барлық баспа қызметтерінің параметрлерін конфигурациялау үшін
пайдаланыңыз. Бұл опциялар басқару панелінен қол жеткізуге болатын опциялармен бірдей.
Толық ақпарат алу үшін
Басқару тақтасының мəзірлері 9-бетте қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
PCL5c
PCL басып шығару ерекшеліктерін пайдаланған кезде, параметрлерді конфигурациялау үшін осы
мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
PostScript
Осы опцияларды PostScript баспа ерекшеліктерін пайдаланғаныңызда параметрлерді
конфигурациялау үшін пайдаланыңыз. PostScript қателерін басып шығару (Баспа PostScript
қателігі) опциясы қосылған жағдайда PostScript қателігі орын алғанда PostScript қателігінің беті
автоматты түрде басылып шығарылады.
ЕСКЕРІМ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
78 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW