HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Параметрлерді сақтау/қалпына келтіру
Өнімнің ағымдағы параметрлерін компьютеріңіздегі файлға сақтау. Бұл файлды сол
параметрлерді өзге құрылғыға қотару үшін немесе кейінірек бұл параметрлерді өнімнің өзінде
қалпына келтіру үшін пайдаланыңыз.
Құпия сөз
Құрылғы параметрлерін қорғау үшін құпия сөз орнату. Құпия сөз орнатылғаннан кейін,
құрылғыдан деректерді жазатын немесе оқитын кез келген HP ToolboxFX беттеріне кіру үшін
пайдаланушылар алдымен құпия сөзді енгізуі тиіс. Бұл құпия сөз енгізілген веб-сервердің құпия
сөзімен бірдей.
Қызмет
Басып шығару кезінде қағаз, тонер жəне шаң түйіршіктері өнімнің ішінде жиналып қалу мүмкін.
Уақыттың өтуімен, бұл қоқыс басып шығару сапасын төмендетуі мүмкін, мысалы, тонер дақтары
немесе жайылу. HP ToolboxFX қағаз жолын тазартудың жеңіл əдісін қамтамасыз етеді.
Желі параметрлері
Желілік администратор осы жиекбелгіні өнім IP-негіздегі желіге қосылған жағдайда оның желіге
қатысты параметрлерін басқару үшін пайдалана алады.
Жадбықтар дүкені
Əр беттің жоғарғы жағындағы осы батырма сіз өзінен қосалқы бөлшектерге тапсырыс бере
алатын веб-сайтына сілтеме болып табылады. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сізде интернетке
қосылыс болу тиіс.
Басқа байланыстар)
Бұл бөлімде сізді интернетке қосатын байланыстар бар. Осы байланыстардың кез келгенін
пайдалану үшін сізде интернетке қосылыс болуы тиіс. Егер сізде телефон арқылы теріп қосылу
байланысы болса жəне сіз HP ToolboxFX алғаш рет ашқанда байланыса алмасаңыз, сіз веб-
сайттарға кірерден бұрын алдымен қосылып алуыңыз керек. Қосылу HP ToolboxFX жауып, қайта
ашуыңызды талап етуі мүмкін.
●
HP Instant Support. HP Instant Support Веб-торабына
қосады.
●
Қолдау жəне ақаул. түзету. Ішінен нақты мəселе бойынша көмек сұрай алатын қолдау
сайтына қосады.
●
Өнімді тіркеу. HP өнімді тіркеу веб-сайтына қосады.
80 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW










