HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Енгізілген веб-сервер
Өнім желіге қосылғанда, енгізілген веб-серверге қол жеткізу автоматты түрде қосылады.
Енгізілген веб-серверге стандартты веб-шолғыш арқылы қол жеткізуге болады
ЕСКЕРІМ: Өнім тікелей компьютерге жалғанған жағдайда өнім мəртебесін көру үшін HP
ToolboxFX пайдаланыңыз.
Енгізілген веб-серверді өнім мен желінің күйін көруге жəне басып шығару функцияларын өнімнің
басқару тақтасынан емес, оның орнына өзіңіздің компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
●
Өнімнің басқару мəртебесі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Əр науаға салынған қағаз түрін белгілеңіз.
●
Барлық қамсыздандыру материалдарының қызмет мерзімін анықтап, жаңаларына тапсырыс
беріңіз.
●
Науалар конфигурацияларын көріңіз жəне өзгертіңіз.
●
Өнім параметрлерін көріңіз жəне өзгертіңіз.
●
Желі конфигурациясын көріңіз жəне өзгертіңіз.
●
Өнімнің ағымдағы күйіне тəн қолдау мазмұнын көріңіз.
●
Түсті баспа мүмкіндіктеріне қол жеткізуді шектеіңіз.
Енгізілген веб-серверін пайдалану үшін сізде Microsoft Internet Explorer 6 немесе одан жаңасы,
Netscape Navigator 7 немесе одан жаңасы, Safari 1.2 немесе одан жаңасы, Konqueror 3.2 немесе
одан жаңасы, Firefox 1.0 немесе одан жаңасы, Mozilla 1.6 немесе одан жаңасы немесе Opera 7
немесе
одан жаңасы болуы тиіс. Енгізілген веб-сервері өнім IP протоколына негізделген желіге
қосылған кезде істейді. Енгізілген веб-сервер IPX протоколына негізделген немесе AppleTalk
принтер байланыстарына қолдау көрсетпейді. Енгізілген веб-серверін ашып, пайдалану үшін
Интернет байланысы қажет емес.
HP енгізілген веб-серверін көру
1. Компьютеріңіздегі қолдаулы веб-сервердің адрес/URL жолағында енгізілген веб-сервердің
IP адресін теріңіз. (IP адресін тауып алу үшін конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
ақпараттық беттер 72-бетте қараңыз.)
ЕСКЕРІМ: Сіз URL ашқаннан кейін, болашақта оған тез оралу үшін оған бетбелгі сала
аласыз.
2. Енгізілген веб-сервері параметрлер мен өнім туралы ақпарат бар үш жиекбелгісінен
құралған. Status (Мəртебе) жиекбелгісі, Settings (параметрлер) жиекбелгісі жəне
Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісі. Өзіңіз қарағыңыз келетін жиекбелгіні таңдаңыз.
Келесі бөлімдерден əр жиекбелгі жөніндегі көбірек ақпаратты көре аласыз.
KKWW Енгізілген веб-сервер 81










