HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Баспа тапсырмасын тоқтату
Сіз баспаға сұратуды басқару панелін немесе бағдарламалық құралыңызды пайдалана отырып
тоқтата аласыз. Баспа сұратуын желідегі компьютерден қалай тоқтатуға болатындығы жөніндегі
нұсқауларды нақты желілік бағдарламалық құралға арналған онлайн Анықтамалығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз тоқтатқан барлық баспа тапсырмаларын алып тастау үшін біраз уақыт қажет
етілуі мүмкін.
Ағымдағы баспа тапсырмасын басқару панелінен тоқтату
Басқару панеліндегі тоқтату батырмасын басыңыз
Ағымдағы баспа тапсырмасын бағдарламалық құралдан тоқтату
Сіз баспа тапсырмасын жібергеніңізде экранға қысқа мезетке баспа тапсырмасын тоқтату
мүмкіндігін беретін диалог терезесі шығарылады.
Бағдарламалық құралыңыздан бірнеше сұрау өнімге жіберілген болса, олар баспа кезегінде
(мысалы, Windows Print Manager (Windows Баспаны Басқарушы бағдарламасында) күтіп тұруы
тиіс. Баспа тапсырмасын компьютерден бас тарту жөніндегі нақты нұсқауларды бағдарламалық
құрал құжаттамасынан қараңыз.
Баспа тапсырмасы баспа кезегінде немесе баспа буферінде күтуде болатын бо
лс
а, тапсырманы
осы жерден өшіріңіз.
1. Windows XP жəне Windows Server 2003 (стандартты Бастау мəзірін пайдалана
отырып): Start (Бастау) мəзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып, одан кейін
Printers and Faxes (Принтерлер жəне Факстар) тармағын тандаңыз.
немесе
Windows 2000, Windows XP, жəне Windows Server 2003 (Классикалық Бастау мəзірін
пайдалана отырып): Start (Бастау) мəзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып,
одан кейін Printers (Принтерлер) тармағын тандаңыз.
немесе
Windows Vista Start (Бастау) м
əзіріндегі Control Panel (Басқару панелі) тармағын нұқып,
одан кейін Hardware and Sound (Аппараттық құралдар жəне Дыбыс) санатында Printer
(Принтер) тармағын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінде осы өнім атауын екі рет басып, баспа кезегін немесе буферін ашыңыз.
3. Тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын таңдап, Delete (Жою) батырмасын басыңыз.
104 Бап 8 Баспа тапсырмалары KKWW