HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide
Қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдалану
Бұл өнім қауіпсіздікті сақтауға, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне өнімді бақылап,
оған техникалық қызмет көрсету жолдарын жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттарын
жəне ұсынылған протоколдарды қолдайды.
HP компаниясының қауіпсіздік бейнені өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық
ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торапта қауіпсіздік
мүмкіндіктері жөніндегі ақ беттерге жəне ЖҚС құжаттарына сілтемелер береді.
IP Қауіпсіздігі
IP Қауіпсіздігі (IPқау) өнімнен шығатын жəне өнімге келетін IP негізделген желілік трафикті
бақылайтын протоколдар жиынтығы болып табылады. IPқау хост-хост танылуын, деректердің
тұтастығын жəне желілік байланыстардың шифрлеуін қамтамасыз етеді.
Желіге қосылған жəне HP Jetdirect баспа сервері бар өнімдерге сіз енгізілген веб-сервердегі
Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін таңдау арқылы IPқау қауіпсіздігінің конфигурациясын
өзгерте аласыз.
Енгізілген веб-серверді қауіпсіздендіру
Сіз енгізілген веб-сервердің конфигурациясын Settings (Параметрлер) жəне Networking (Желіге
қосылу) жиекбелгілерін ашуға құпия сөзді қажет ететіндей өзгерте аласыз.
1. Өнімнің IP адресін веб-браузердің адрес жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді ашыңыз.
2. Settings (Параметрлер) жиекбелгісін ашып, бейнебетің сол жағындағы мəзірден Security
(Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз.
3. Device Password (Құрылғының құпия сөзі) аймағында New Password (Жаңа құпия сөз) жə
не
Verify Password (Құпия сөзді растау) жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз. Егер сіз құпия
сөзді қойған болсаңыз Old Password (Ескі Құпия Сөз ) жолында ескі құпия сөзді енгізіңіз.
4. Apply (Қолдану) батырмасын басыңыз.
Сақталған тапсырмаларды қауіпсіздендіру
Өнімде сақталған тапсырмаларды қорғау үшін оларға PIN код тағайындауыңыз қажет. Бұл
қорғалған тапсырмаларды басып шығару үшін алдымен басқару панелінде PIN кодты енгізуіңіз
қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін
Тапсырмаларды сақтау мүмкіндіктерін пайдалану 101-бетте қараңыз.
Басқару панелінің мəзірлерін құрсаулау
Сіз басқару панеліндегі əр түрлі мəзірлерді енгізілген веб-серверді пайдалану арқылы құрсааулай
аласыз.
1. Өнімнің IP адресін веб-браузердің адрес жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді ашыңыз.
2. Settings (Параметрлер) мəзірін ашып, Security (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз.
3. Configure Security Settings (Қауіпсіздік параметрлерінің конфигурациясын Өзгерту) дегенді
шертіңіз.
KKWW Қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдалану 121










