HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Қамсыздандыру материалдары мен қосалқы
бөлшектерді ауыстыру
Қамсыздандыру материалдарды ауыстыру жөніндегі жалпы
нұсқаулар
Өнімді орналастыру кезінде келесі жалпы нұсқаулар есіңізде болсын.
Қамсыздандыру материалдарын алып тастау үшін өнімнің үсті мен алдында жеткілікті бос
орын болу қажет.
Өнімді тегіс жəне сенімді жерге орналастыру қажет.
ЕСКЕРІМ: Hewlett-Packard осы өнімдегі HP қамсыздандыру материалдарын пайдалануды
ұсынады. HP емес қамсыздандыру материалдарын қолдану HP кепілдік немесе қызмет көрсету
келісім-шарттарымен қарастырылмайтын мəселелер туғызуы мүмкін.
Баспа картриджін ауыстыру
Баспа картриджінің қызмет уақыты аяқталуға жақындаған кезде, басқару панельде жаңа
картриджге тапсырыс беруді ұсынатын хабар көрсетіледі. Өнім сол ескі баспа картриджін, оны
ауыстыру қажет деген хабары шықпайынша, əрі қарай қолдана бере алады.
1. Жоғарғы қақпағын ашыңыз.
2. Ескі картриджді өнімнен алып тастаңыз.
KKWW Қамсыздандыру материалдары мен қосалқы бөлшектерді ауыстыру 125
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сəйкес келмейінше, басып шығаруды
ағымдағы картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін
принтерден шығарып алып, картриджді көлденең білігінен əрі-бері жайлап қозғаңыз.
Графикаarialлық кескінді картриджді алмастыру нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін
принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.