HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Қағазды шығару опцияларын пайдаланыңыз
Өнімнің төрт шығару орны бар: Жоғарғы (стандартты) шығыс қалтасы, артқы шығыс қалтасы,
қосымша жинақтағыш немесе қапсырмалаушы/жинақтаушы жəне қосымша 5 қалталы пошта
жəшігі.
Жоғарғы (стандартты) шығыс қалтасына басып шығару
Жоғарғы шығыс қалтасы қағазды төмен қаратып, дұрыс кезектілікте жинайды. Жоғарғы шығыс
қалтасы баспа тапсырмаларының көбі үшін, соның ішінде диапозитивтер үшін пайдаланылады.
Жоғарғы шығыс қалтасын пайдалану үшін артқы шығыс қалтасының жабық екендігін тексеріңіз.
Кептелулерді болдырмас үшін өнім басып шығару барысында артқы шығыс қалтасын ашпаңыз
немесе жаппаңыз.
Артқы шығыс қалтасына басып шығару
Өнім ашық болған жағдайда əрқашан артқы шығыс қалтасына басып шығарады. Бұл қалтаға
басылып шығарылатын қағаз жоғары қарап, ең соңғы беті жоғарғы жағында шығарылады (кері
кезектілік).
1-Наудан артқы шығыс қалтасына басып шығару ең түзу жолды қамтамасыз етеді. Артқы шығыс
науасын ашу келесі элементтердің орындалуын жақсарта алады:
Конверттер
Жапсырмалар
Шағын бейімделмелі өлшемді қағаздың
Ашықхатардың
120 г/м
2
(32 фунттан) ауыр қағаздың
Артқы шығыс науасын ашу үшін науаның жоғарғы жағындағы тұтқаны ұстаңыз. Қалтаны төмен
тартып, кеңейтілімін сырғытыңыз.
KKWW Қағазды шығару опцияларын пайдаланыңыз 93