HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді
басып шығару
Сіз басқару панелінен өнімнің жəне оның конфигурациясының егжей-тегжейін көрсететін ақпарат
беттерін басып шығара аласыз. Өнімді пайдалану жөніндегі жалпы процедураларды суреттеп
түсіндіретін бірнеше қалай орындауды көрсететін беттерді басып шығара аласыз.
Беттің түрі Беттің аты Сипаттамасы
Ақпарат беттері МƏЗІР КАРТАСЫН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Басқару панелі мəзірінің
тармақтарының жобасы мен ағымдық
параметрлерін көрсететін басқару
панелі мəзірінің картасы.
БАСПА КОНФИГУРАЦИЯСЫ Өнімнің ағымдық конфигурациясын
басып шығарады. Егер HPJetdirect
басып шығару сервері орнатылған
болса, HPJetdirect конфигурация беті
де басылып шығады.
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ
МƏРТЕБЕСІ БЕТІН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Өнімнің қамсыздандыру
құралдарының деңгейлерін, қалған
беттердің мөлшерлі санын,
картридждің пайдаланылуы жөніндегі
ақпаратты, сериялық нөмірді, бет
санағын жəне тапсырыс беруге
қажетті ақпаратты көрсететін
қамсыздандыру құралдарының
мəртебе бетін басып шығарады. Бұл
бет тек шынайы HP қамсыздандыру
материалдарын қолдансаңыз ғана
ашылады.
ПАЙДАЛАНУ БЕТІН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Өнімнен өткен барлық қағаз
өлшемдерінің санағын көрсететін,
олардың бір жақты немесе екі жақты
болғанын тізімдейтін бетті басып
шығарады.
ФАЙЛ КАТАЛОГЫН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Барлық орнатылған деректер сақтау
құрылғылары туралы ақпарат беретін
файл каталогын басып шығарады.
Бұл тармақ өнімде нақты файлдық
жүйесі бар деректер сақтау
құрылғылары орнатылған жағдайда
ғана шығарылады.
PCL ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Сол мезетте өнімде бар барлық PCL
қаріптерін көрсететін PCL қаріптерінің
тізімін басып шығарады.
PS ҚАРІПТЕР ТІЗІМІН БАСЫП
ШЫҒАРУ
Сол мезетте өнімде бар барлық PS
қаріптерін көрсететін PS қаріптерінің
тізімін басып шығарады.
112 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету KKWW