HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Қамсыздандыру материалдарын басқару
Баспа картриджін қолдану, сақтау жəне бақылау жоғары сапалы нəтижені қамтамасыз етуге көмек
болуы мүмкін.
Басып шығару картриджін сақтау
Сіз басып шығару картриджін пайдалануға дайын болғанша оны орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін, оның жарық жерде қалу
ұзақтығы бірнеше минуттан аспауы тиіс.
HP -емес баспа картридждеріне қатысты HP саясаты
Hewlett-Packard Компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP -емес баспа картридждерін
пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP -емес баспа картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір
зақымдану HP кепілдік жəне қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
HP жаңа баспа картриджін орнату жөніндегі ақпаратты табу үшін, қараңыз Баспа картриджін
ауыстыру 125-бетте. Пайдаланылған картридждерді қайта өңдеуге тапсыру үшін, жаңа
картриджбен жеткізілетін нұсқаулықты орындаңыз.
алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін НР жедел байланыс желісі жəне
Web-сайты
Егер сіз HP басып шығару картриджін орнатсаңыз, жəне басқару панелінің хабары картридждің
НР еместігін көрсетсе, алдау оқиғасы жөнінде НР жедел байланыс желісі арқылы хабарлаңыз
(1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе
www.hp.com/go/anticounterfeit сайтын
пайдаланыңыз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі жəне
проблеманы шешу үшін шаралар қолданады.
Егер сіз төмендегілерді байқап қалсаңыз, сіздің басып шығару картриджіңіз шынайы HP басып
шығару картриджі болмауы мүмкін:
Басып шығару картриджін пайдаланғанда проблемалар көп кездеседі.
Картридждің түрі əдеттегіден өзгеше (мысалы, жұлып алынатын қызғылт сары ілмегі жоқ
немесе орауышы HP орауышынан өзгеше).
Қамсыздандыру материалдардың қызмет уақыты
Өнімнің арнайы өнімділігіне қатысты ақпарат алу үшін www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабын
қараңыз.
Қамсыздандыру материалдарына тапсырыс беру үшін
Қамсыздандыру материалдары жəне
керек-жарақтар 205-бетте бөлімін қараңыз.
124 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету KKWW