HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Жадты, ішкі USB құрылғыларды жəне сыртқы баспа
серверінің такшаларын орнату
Шолу
Форматтаушыда өнімнің мүмкіндіктерін арттыратын келесі ашық ұяшықтар мен порттар бар:
Өнімнің жадын көбейтуге арналған бір қос ішкі жад модулі (DIMM)
Қаріптерді, тілдерді жəне бөтен жақтың шешімдерін қосуға арналған екі USB порт
Сыртқы баспа серверді, сыртқы қатқыл дискті немесе параллельді портты қосуға арналған
бір сыртқы I/O (EIO) ұяшығы.
Егер өнімде HPJetdirect баспа сервері орнатылған болса, сіз EIO ұяшығына қо
сы
мша желілік
құрылғы қосуыңызға болады.
Компоненттер жөнінде ақпарат алу үшін
Қамсыздандыру материалдары жəне керек-
жарақтар 205-бетте көріңіз.
Өнімде қанша жад орнатылғанын немесе USB порттарында, EIO ұяшығында не орнатылғанын
білгіңіз келсе, конфигурация бетін басып шығарыңыз.
Жадты орнату
Егер сіз құрамды графиканы, PostScript (PS) құжаттарды жиі басып шығаратын болсаңыз немесе
көптеген қаріптерді қолданатын болсаңыз, сіз өніміңізге қосымша жад қосқыңыз келуі мүмкін.
Қосымша жад сізге тез көшіру функциясы сияқты тапсырмаларды сақтау мүмкіндіктерін қолдауға
қосымша икемділік береді.
Бұл өнім, 128МБ жады орнатылған болса, PDF файлдарын басып шығаруды қолдайды. Алайда,
ең жоғарғы өнімділікке жету үшін жадты ке
мінде 19
2МБ дейін жаңартыңыз.
ЕСКЕРІМ: Алғашқы HPLaserJet өнімдерінде қолданылған жалаң ішкі жад модульдері (SIMMs)
өніммен сыйыспайды.
Өнім жадын орнату
Бұл өнімде бір DIMM ұяшығы бар.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр DIMM модульдерін зақымдауы мүмкін. DIMM модульдерін
ұстаған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз, не болмаса жиі DIMM модульдерінің
статикаға қарсы орауышын ұстап, содан кейін құрылғыдағы жалаң металды ұстаңыз.
130 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету KKWW