HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Бұл өнімнің микробағдарламалық жасақтамасында қашықтан жаңарту (RFU) мүмкіндігі бар.
Өнімнің микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.
Микробағдарламалық жасақтаманың қазіргі нұсқасын анықтау
1.
мəзірін басыңыз.
2.
төменге көрсеткісін басу арқылы INFORMATION (АҚПАРАТ) тармағын бөлектеп, OK
басыңыз.
3.
төменгі көрсеткісін басу арқылы PRINT CONFIGURATION (КОНФИГУРАЦИЯНЫ БАСЫП
ШЫҒАРУ) тармағын бөлектеп, OK басыңыз.
Микробағдарламалық жасақтаманың дереккодтары Device Information (Құрылғы жөніндегі
ақпарат) бөліміндегі Конфигурация бетінде тізімделеді. Микробағдарламалық жасақтаманың
дереккодтарының пішімі мынадай: ЖЖЖЖААКК XX.XXX.X. Сандар тізбегінің бірінші бөлшегі
күнді білдіреді. Оның ішінде, ЖЖЖЖ жылын, АА айын, ал КК күнін білдіреді. Мысалы,
микробағдарламалық жасақтаманың 20061125 деген дереккоды 2006 жылдың 25 қарашасын
бі
лді
реді.
HP веб-торабынан жаңа микробағдарламалық жасақтаманы жүктеу
Өнімге арналған микробағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасын табу үшін www.hp.com/
go/ljp4010series_software немесе www.hp.com/go/ljp4510series_software торабына барыңыз. Бұл
бетте микробағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасын көшіріп алу жөнінде нұсқаулар
беріледі.
Жаңа микробағдарламалық жасақтаманы өнімге көшіру
ЕСКЕРІМ: Өнім «дайын» қалпында тұрған кезде .RFU файл жаңартуын қабылдауы мүмкін.
Жаңартуды аяқтауға қалған уақыт I/O жіберу жəне өнімнің қайта іске қосылу қажетті уақытына
байланысты. I/O жіберу уақыты бірталай шарттарға байланысты, соның ішінде, жаңартуды
жіберетін хост-компьютердің жылдамдығына. Егер микробағдарламалық жасақтаманы қашықтан
жаңарту процессі толық аяқталмай (басқару панелінің бейнебетінде Жетілдіруді алу хабары
көрсетіліп тұрған кезде) үзілсе, онда жаңарту файлы қайта жіберілуі керек. Егер флэш DIMM
модулін жаңарту ке
зінде (ба
сқару панелінің бейнебетінде Жаңартылуда хабары көрсетіліп
тұрған кезде) электр қорегі өшіп қалса, онда жаңарту процессі тоқтатылып, басқару панелінің
дисплейінде Жетілдіруді қайта жіберу хабары (тек ағылшын тілінде) шығады. Бұл жағдайда
жаңартуды параллельді порт арқылы жіберуіңіз керек. Содан соң, жаңарту сұратуы өңделмей
тұрып кезекте RFU тапсырмасының алдында тұрған тапсырмалар орындалады.
142 Бап 9 Өнімді басқару жəне оғ
ан те
хникалық қызмет көрсету KKWW