HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

5. Пернетақтада Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз.
6. Пайдаланушының аты қажет етілсе, Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз.
7. Кұпия сөз қажет етілсе, Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз.
8. Пəрмен терезесінде bin теріңіз.
9. Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз. Пəрмен терезесінде 200 Types set to I, Using binary
mode to transfer files (200 Түрлері I-ге қойылған, Файлдарды жіберуге бинарлық режимді
пайдалануда) хабары көрсетіледі.
10. put, одан кейін файлдың атын теріңіз. Мы
салы, ег
ер файлдың аты LJP4015.RFU болса, put
LJP4015.RFU теріңіз.
11. Көшіру процессі басталып, өнімнің микробағдарламалық жасақтамасы жаңартылады. Бұл
процесс шамамен бес минут уақытыңызды алады. Енді өнімнің немесе компьютеріңіздің
жұмысына араласпай, жаңарту процестің аяқталуын күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Жаңарту процессі аяқталған соң, өнім өздігінен өшіріліп, қайта қосылады.
12. Пəрмен терезесінде келесіні теріңіз: bye - ftp пəрменінен шығу үшін.
13. Пəрмен терезесінде келесіні теріңіз: exit - Windows интерфейсіне оралу үшін.
HP Web Jetadmin пайдаланып, микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Бұл іс ретін орындау үшін компьютеріңізде HP Web Jetadmin жасақтамасының 7.0 немесе одан
кейінгі нұсқасы орнатылған болуы керек. Жалғыз өнімді HP Web Jetadmin арқылы жаңарту үшін
HP веб-торабынан .RFU файлын жүктеген соң, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. HP Web Jetadmin жұмысын бастаңыз.
2. Navigation (Шарлау) панеліндегі ашылмалы тізімнен Device Management (Құрылғыны
Басқару) папкасын ашыңыз. Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасына өтіңіз.
3. Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасын ашып All Devices (Барлық Құ
рылғылар)
тармағын таңдаңыз. Құрылғылар тізімінен өнімді тауып алып, таңдаңыз.
Егер өнімдерге арналған микробағдарламалық жасақтаманы жаңартқыңыз келсе, Ctrl
пернесі арқылы барлығын белгілеп таңдаңыз.
4. Терезенің жоғарғы оң жағынан Device Tools (Құрылғы құралдары) тармағының ашылмалы
тізімін табыңыз. Əрекеттер тізімінен Update Printer Firmware (Принтер
микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту) тармағын таңдаңыз.
5. Егер .RFU файлдың аты All Available Images (Барлық бейнелер) тізімінде жоқ болса, Up
load
New Firmware Image (Жаңа микробағдарламалық жасақтаманың бейнесін жүктеу) тілқатысу
терезесінде Browse (Шолу) батырмасын басып, осы процедураның басында веб-торабынан
сіз көшіріп алған .RFU файлдың орналасқан жеріне барыңыз. Егер файлдың аты тізімде бар
болса, таңдаңыз.
6. Upload (Жүктеу) батырмасын басып, .RFU файлын қатқыл дискіңізден HP Web Jetadmin
серверіне жүктеңіз. Жүктеу аяқталған соң браузер терезесі жаңартылады.
144 Бап 9 Өнімді басқару жəне оғ
ан те
хникалық қызмет көрсету KKWW