HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

7. Printer Firmware Update (Принтер микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту)
ашылмалы мəзірінен .RFU файлды таңдаңыз.
8. Printer Firmware Update (Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту) дегенді шертіңіз. HP
Web Jetadmin таңдалған .RFU файлды өнімге жібереді. Басқару панелі жаңарту барысын
көрсететін хабарларды шығарады. Жаңарту процессінің соңында басқару панелі Дайын
хабарын көрсетеді.
Microsoft Windows пəрмендері арқылы микробағдарламалық жасақтаманы
жаңарту
Микробағдарламалық жасақтаманы желілік байланыс арқылы жаңарту үшін келесі нұсқауларға
еріңіз.
1. Start (Бастау) мəзірінен Run (Іске қосу) батырмасын басыңыз. Содан соң, cmd пəрменін теріп,
пəрмен терезесін ашыңыз.
2. Келесіні теріңіз: copy /B FILENAME> \\COMPUTERNAME>\SHARENAME>, бұндағы
<FILENAME> .RFU файлының атын (оның ішіне, орналасқан жерінің жолы),
<COMPUTERNAME> ортақтас өнім орналасқан компьютердің атын, ал <SHARENAME>
өнімнің ортақтас атын білдіреді. Мысалы: C:\>copy /b C:\LJP4015.RFU \
\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER.
ЕСКЕРІМ: Егер файлдың атында немесе жолында бос аралық болса, сіз файлдың атын
немесе жолды тырнақшаға жабуыңыз тиіс. Мысалы, келесіні теріңіз: C:\>copy /b "C:\MY
DOCUMENTS\LJP4015.RFU" \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER.
3. Пернетақтада Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз. Басқару панелі микробағдарламалық
жасақтаманы жаңарту барысын көрсететін хабарды шығарады. Жаңарту процессінің
соңында басқару панелі Дайын хабарын көрсетеді. Компьютеріңіздің дисплейінде One File
Copied (Бір файл көшірілді) хабары көрсетіледі.
HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту
Өнімдегі HP Jetdirect желілік интерфейсінде өнімнің микробағдарламалық жасақтамасынан бөлек
жаңартылатын микробағдарламалық жасақтама бар. Бұл іс ретін орындау үшін
компьютеріңізде HP Web Jetadmin жасақтамасының 7.0 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған
болуы керек. Келесі қадамдарды орындап, HP Web Jetadmin арқылы HP Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңартыңыз.
1. HP Web Jetadmin жасақтамасын ашыңыз.
2. Navigation (Шарлау) панеліндегі ашылмалы тізімнен Device Management (Құрылғыны
Басқару) папкасын ашыңыз. Device Lists (Құрылғылар Тізімдері) папкасына өтіңіз.
3. Сіз жаңартқыңыз кел
етін өні
мді таңдаңыз.
4. Device Tools (Құрылғы құралдары) ашылмалы тізімінен Jetdirect Firmware Update (Jetdirect
микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту) тармағын таңдаңыз.
5. Jetdirect firmware version (Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасының нұсқасы)
тармағының астында HPJetdirect моделінің нөмірі мен микробағдарламалық жасақтаманың
қазіргі нұсқасы көрсетіледі. Келесілерді ескеріңіз.
6.
http://www.hp.com/go/wja_firmware торабына барыңыз.
7. HP Jetdirect моделінің нөмірлер тізімінен жазып алған модельдің нөмірін тауып алыңыз.
KKWW Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 145