HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

4. Артқы шығыс қалтасын шешіңіз. Саусағыңызды сол жағындағы ілмегіне қойып, ілмектегі тіл
өнімнің ішіндегі тесіктен шыққанынша қатты басыңыз. Шығыс қалтасын сыртқа қарай
айналдырып, шығарыңыз.
5. Егер ішінде қағаз болса, оны шығарыңыз.
Егер қағаз көрінбей тұрса, термобекіткіштің екі жағындағы көк тетіктерді жоғары қарай басып,
термобекіткішті тура тартып шығарыңыз.
6. Кептелген қағазды шығарыңыз. Қажет болса, кептелген қағазға жету үшін термобекіткіштің
жоғарғы жағында орналасқан қара пластмасса бағыттауышты көтеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Термобекіткіш аймағынан кептелген қағазды шығару үшін өткір немесе темір
затты қолданбаңыз. Термобекіткішке зақым келтіруіңіз мүмкін.
KKWW Кептелулер 181