HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

3. Жинағыштың немесе қапсырмалағыш/жинақтағыштың есігін жауып, артқы шығыс
қалталарын жабыңыз.
4. Қағаз кептелуі туралы хабар өшірілмесе, əлі де кептелген парақ болуы мүмкін. Кептелген
қағазды басқа жерден іздеп көріңіз. Керек-жарақтың алдыңғы жағын тексеріңіз. Кептелген
қағаз болса, ақырын алып тастаңыз.
Қағаздың кептелген орны 171-бетте қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Басып шығару операциясын жалғастыру үшін шығыс қалтасын ең төменгі қалпына
түсіріп қою керек.
Кептелген қапсырмаларды қосымша қапсырмалағыш/жинақтағыштан алып тастаңыз
ЕСКЕРІМ: Басқару панелінің дисплейінде JAM IN STAPLER (ҚАПСЫРМАЛАҒЫШТАҒЫ
КЕПТЕЛУ) хабары шықса, кептелген қапсырмаларды алып тастаңыз.
1. Қапсырмалағыш/жинақтағыштың оң жағында қапсырмалағыш блогын өнімнің алдыңғы
жағына қарай, ол сырт етіп орнына түскенінше, бұрыңыз. Көк қапсырмалар картриджін
шығару үшін оны сыртқа қарай тартыңыз.
186 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW