HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide
Басып шығару сапасының мəселелерін шешу
Баспа сапасына байланысты ақаулықтардың көбісін келесі нұсқауларды орындау арқылы алдын
алуыңызға болады.
●
Науаларды дұрыс парақ түріне баптаңыз.
Науаларды конфигурациялау 90-бетте қараңыз.
●
HP ерекшеліктеріне сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз жəне баспа медиасы 73-бетте
қараңыз.
●
Өнімді қажеті бойынша тазалап тұрыңыз.
Қағаз жолын тазалау 141-бетте қараңыз.
Қағазға байланысты баспа сапасының ақаулықтары
Баспа сапасының ақаулықтарының кейбіреулері HP ерекшеліктеріне сай келмейтін қағазды
пайдаланудан туындайды.
●
Қағаздың беті тым тегіс.
●
Қағаздың ылғалдығы біркелкі емес, тым жоғары немесе тым төмен. Басқа жердегі немесе
ашылмаған бумадағы қағазды қолданыңыз.
●
Қағаз бетінің кейбір жерлеріне тонер бекітілмейді. Басқа жердегі немесе ашылмаған
бумадағы қағазды қолданыңыз.
●
Фирмалық бланкіңіз қалың қағазға басылған. Жұқалау, ксерографикалық қағазды
қо
лданыңыз. Егер осыдан кейін ақаулық түзетілсе, фирмалық бланкпен қамтамасыз
етушімен хабарласып, HP ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалануын сұраңыз.
●
Қағаз тым қалын. Жұқалау, ксерографикалық қағазды қолданыңыз.
●
Сіз таңдаған қағаздың түрі өте қалын. Сол себептен, тонер оған бекітілмейді.
Барлық HP LaserJet өнімдеріне арналған толық қағаз ерекшеліктерін алу үшін HP LaserJet Printer
Family Print Media Guide (РP LaserJet Принтер тобының басып шығару құралының Нұс
қаулығы)
бөлімін қараңыз. Бұл нұсқаулық
www.hp.com/support/ljpaperguide торабында бар.
Ортаға байланысты баспа сапасы ақаулықтары
Егер өнім тым ылғал немесе тым құрғақ ортада жұмыс істеп тұрса, сол орта ерекшеліктеріне сай
келетінін тексеріңіз.
Жұмыс ортасы 225-бетте қараңыз.
Кептелуге байланысты баспа сапасының ақаулықтары
Қағаз жолынан барлық парақтардың алынғанын тексеріңіз. Кептелу орнын басу 189-бетте
қараңыз.
●
Егер өнімде қағаз кептелген болса, екі-үш бетті басып шығару арқылы қағаз жолын
тазартыңыз.
●
Егер парақтар термобекіткіштен өтпей, кейінгі құжаттардың бетінде сурет ақауларын
туғызса, екі-үш бетті басып шығару арқылы қағаз жолын тазалаңыз. Егер ақаулық
түзетілмесе, тазарту бетін басып шығарып, өңдеңіз.
Қағаз жолын тазалау 141-бетте қараңыз.
190 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW










