HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Сурет ақаулықтарының мысалдары
Бұл мысалдар ең көп кездесетін баспа сапасының мəселелерін білдіреді. Егер ұсынылған
шешімдерді қолданғаннан кейін мəселелеріңіз шешілмесе, HP қолдау көрсету қызметімен
байланысыңыз.
Кесте 10-2 Сурет ақаулықтарының мысалдары
Мəселе Сурет мысалы Шешімі
Ашық баспа(жартылай
бет)
1. Баспа картриджінің толық орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
2. Баспа картриджіндегі тонердің деңгейі төмен болуы мүмкін. Баспа
картриджін ауыстырыңыз.
3. Парақ HP сипаттамаларына сай болмауы мүмкін (мысалы, парақ өте
ылғал немесе тегіс емес).
Қағаз жəне баспа медиасы 73-бетте караңыз.
Ашық баспа (барлық
бет)
1. Баспа картриджінің толық орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
2. Басқару панелінде жəне принтердің драйверінде ECONOMODE
(ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІ) параметрі өшіріліп тұрғанын тексеріңіз.
3. Өнімнің басқару панелінде CONFIGURE DEVICE (ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОНФИГУРАЦИЯЛАУ) мəзірін ашыңыз. PRINT QUALITY (БАСПА
САПАСЫ) ішкі мəзірін ашып, TONER DENSITY (ТОНЕР ТЫҒЫЗДЫҒЫ)
параметрін жоғарылатыңыз.
Баспа сапасының қосымша мəзірі 21-бетте
караңыз.
4. Парақтың басқа түрін пайдаланып көріңіз.
5. Баспа картриджі таусылуға жақын болуы мүмкін. Баспа картриджін
ауыстырыңыз.
Дақтар Дақтар парақтың бетінде кептелген парақты шығарғаннан кейін пайда болуы
мүмкін.
1. Тағы бірнеше бетті басып, мəселенің шешілгенін/шешілмегенін көріңіз.
2. Өнімнің ішін тазалап, термобекіткішті тазарту үшін тазарту парағын
өткізіңіз.
Қағаз жолын тазалау 141-бетте караңыз.
3. Парақтың басқа түрін пайдаланып көріңіз.
4. Баспа картриджінің ақпайтынын тексеріңіз. Егер баспа картриджі ағатын
болса, оны ауыстырыңыз.
Басылмай қалған
жерлер
1. Өнімге арналған қоршаған ортаны қорғау сипаттамаларының
орындалғанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс ортасы 225-бетте караңыз.
2. Егер парақ бұдырмақ болса жəне тонер оңай өшіріліп қалатын болса,
өнімнің басқару панеліндегі CONFIGURE DEVICE (ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОНФИГУРАЦИЯЛАУ) мəзірін ашыңыз. PRINT QUALITY (БАСПА
САПАСЫ) ішкі мəзірін ашып, FUSER MODES (ТЕРМОБЕКІТКІШТІҢ
РЕЖИМДЕРІ) тармағын таңдаңыз. Содан соң, сіз қолданатын парақтың
түрін таңдаңыз. Параметрді HIGH1 (ЖОҒАРҒЫ1) немесе HIGH2
(ЖОҒАРҒЫ2) деңгейіне өзгертіңіз. Бұл тонердің параққа толығырақ
бекітілуіне көмектеседі.
Баспа сапасының қосымша мəзірі 21-бетте
караңыз.
3. Тегістеу парақты пайдаланып көріңіз.
KKWW Басып шығару сапасының мəселелерін шешу 191