HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Қосылу ақаулықтарын түзету
Тікелей жалғау ақаулықтарын түзету
Егер сіз өнімді тікелей компьютерге жалғаған болсаңыз, USB кабелін тексеріңіз.
Кабель компьютерге жəне өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
Кабельдің ұзындығы 2 метрден аспайтынын тексеріңіз. Қажет болса, кабельді ауыстырыңыз.
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
Өнім желімен байланысып тұрғанын анықтау үшін келесіні тексеріңіз. Бастар алдында
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді басып
шығару 112-бетте қараңыз.
1. Жұмыс компьютердің немесе файл серверінің жəне өнімнің арасында физикалық байланыс
ақаулығы бар ма?
Желілік кабелдің, байланыстардың жəне маршрутизатордың конфигурациялары дұрыс
екенін тексеріңіз. Желілік кабельдің ұзындықтары желінің ерекшеліктеріне сай екенін
тексеріңіз.
2. Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?
Өнім желіге тиісті порт жəне кабель арқылы жалғанғанын тексеріңіз. Əр кабельдің жалғанған
жері мықты жəне дұрыс еке
нін тексеріңіз. Егер ақаулық шешілмесе, концентраторға немесе
трансиверге басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз. Өнімнің артқы жағындағы
портқа қосатын жердегі сарғыш түсті жұмыс шамы жəне жасыл түсті мəртебе шамы жанып
тұру керек.
3. Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері дұрыс қойылған ба?
Hewlett-Packard компаниясы сол параметрді автоматты режимде (стандартты режим)
қалдыруды ұсынады.
Сілтеме жылдамдығы жəне дуплекстеу параметрлері 71-бетте
қараңыз.
4. Өнімнің байланысын «ping» пəрменімен тексере аласыз ба?
Пəрмен жолын ашып, компьютеріңізден өнімнің байланысын тексеріңіз. Мысалы:
ping 192.168.45.39
Ping пəрмені айналып қайту уақытын көрсететініне көз жеткізіңіз.
Егер өнімнің байланысы өтіп тұрса, онда компьтеріңіздегі өнімнің IP адрес конфигурациясы
дұрыс екенін тексеріңіз. Егер ол дұрыс болса, өнімді жойып, қайта қосыңыз.
Егер ping пəрмені байланыса алмаса, желілік концентраторлардың қосулы ек
енін тек
серіңіз.
Содан соң, желілік теңшеулердің, өнімнің жəне компьютердің конфигурациялары сол желіге
бапталғанын тексеріңіз.
5. Желіге ешқандай бағдарламалық жасақтар қосылған жоқ па?
KKWW Қосылу ақаулықтарын түзету 197