HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide
Принтер драйвері Баспа орталығындағы таңдалған өнімді автоматты түрде орнатпайды.
Себеп
Шешім
Өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылмаған
немесе дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.
PPD файлы келесі қатқыл диск папкасында екенін
тексеріңіз: Library/Printers/PPDs/Contents/
Resources/<lang>.lproj, бұндағы <lang> сіз
пайдаланатын екі əріпті тіл коды болып табылады. Қажет
болса, бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатыңыз.
Нұсқаулықтарды алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан
қараңыз.
PostScript Принтер ерекшелігі (PPD) файлында ақаулық
бар.
Келесі қатқыл диск папкасынан PPD файлын өшіріңіз:
Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj, бұндағы <lang> сіз пайдаланатын екі
əріпті тіл коды болып табылады. Бағдарламалық
жасақтаманы қайта орнатыңыз. Нұсқаулықтарды алғашқы
іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын, өнімнің қосылып жəне
дайын шамы жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер сіз USB
немесе Ethernet концентраторы арқылы қосылсаңыз, онда
компьютерге тікелей немесе басқа порт арқылы қосылып
көріңіз.
Интерфейс кабелі ақауылы немесе сапасы төмен болуы
мүмкін.
Интерфейс кабелін ауыстырыңыз. Жоғары сапалы
кабельді пайдаланыңыз.
Баспа тапсырмасы сіз қалаған өнімге жіберілмеген.
Себеп
Шешім
Баспа кезегі тоқтатылған болуы мүмкін. Баспа кезегін қайта бастаңыз. Рrint monitor (Баспаны
қадағалау) тармағын ашып Start Jobs (Тапсырмаларды
бастау) батырмасын басыңыз.
Қате өнім аты немесе IP адресі пайдаланылуда. Басып
шығары тапсырмаңызды дəл сондай немесе ұқсас аты, IP
адресі немесе Rendezvous хост аты бар өнім қабылдаған
болуы мүмкін.
Өнімнің атын, IP адресін немесе Rendezvous хост атын
конфигурация бетін басып шығару арқылы тексеріңіз.
Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді басып
шығару 112-бетте қараңыз. Конфигурация бетіндегі аты, IP
адресі немесе Rendezvous хост аты Баспа Орталығындағы
өнімнің атына, IP адресіне немесе Rendezvous хост атына
сəйкес келетінін анықтаңыз.
Инкапсуляцияланған PostScript (EPS) файлы қате қаріптермен басылып шығады.
Себеп
Шешім
Бұл ақаулық кейбір бағдарламалық жасақтамаларда
болады.
●
Басып шығару алдында өнімге EPS файлында
берілген қаріптерді жүктеп көріңіз.
●
Файлды екілік код пішімінің орнына ASCII пішімінде
жіберіңіз.
KKWW Macintosh ақаулықтарын түзету 201










