HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Үшінші тарап USB картасынан басып шығара алмайсыз.
Себеп
Шешім
Бұл қателік USB құрылғысының бағдарламалық
жасақтамасы орнатылмаған кезде шығады.
Үшінші тарап USB картасын қосқан кезде, Apple USB
Адаптер картасын қолдау бағдарламалық жасақтамасы
қажет болуы мүмкін. Бұл бағдарламалық жасақтаманың ең
жаңа нұсқасы Apple веб-торабында бар.
USB кабелі арқылы қосылған болса, драйвер таңдалғаннан кейін өнім Macintosh Баспа орталығында
көрсетілмейді.
Себеп
Шешім
Бұл ақаулық бағдарламалық жасақтың немесе аппараттық
құралдық құрам бөлігінің кесірінен туындады.
Бағдарламалық жасақтамаға байланысты ақаулықты
түзету
Сіздің Macintosh жүйеңіз USB мүмкіндігін
қолдайтынын анықтаңыз.
Осы өнім қолдайтын Macintosh операциялық жүйесін
пайдаланып отырғаныңызды анықтаңыз.
Macintosh жүйеңізде тиісті Apple компаниясының USB
бағдарламалық жасағы бар екенін тексеріңіз.
Аппараттық құралға байланысты ақаулықты түзету
Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Ти
іс
ті жоғары жылдамдықты USB кабелін
пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз.
Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп
емес екенін тексеріңіз. Барлық құрылғыларды
тізбектен ажыратып, кабельді тікелей хост
компьютеріндегі USB портына қосыңыз.
Тізбекке екеуден артық қуатсыз USB
концентраторлары жалғанбағанын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей
хост компьютеріндегі USB портына қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы
болып табылады.
202 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW