HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide
ЕСКЕРІМ: Тек шынайы HP LaserJet баспа картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін
пайдаланыңыз. Бұл белгіні HP сиялы картридждерге, HP емес картридждерге, қайта
толтырылған, қайта жасап шығарылған немесе кепіл мерзімі кезінде қайтарылған картридждерге
пайдаланбаңыз. HP сиялы картридждеріңізді қайта жарату жөнінде ақпарат алғыңыз келсе,
www.hp.com/recycle торабына барыңыз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонерлі картридждің қорабына салынған затбелгі бір немесе бірнеше
пайдаланылған HP LaserJet баспа картриждерін қайтаруға жəне қайта пайдалануға арналған.
Төменгі нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1. Əрбір HP LaserJet баспа картриджін өзінің қорабына жəне қапшығына салыңыз.
2. Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3. Бір алдын ала төл
енген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1. Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз немесе
www.hp.com/recycle торабынан не
1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұратыңыз (HP LaserJet баспа
картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP LaserJet баспа картриджін өзінің қабына жəне қорабына салыңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
Əр HP LaserJet баспа картриджін қайтару кезінде қорапты жеткізу немесі алып кету ке
зінде UPS
(Б
ірыңғай тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына
апарыңыз. Жергілікті UPS қабылдау орталығының адресін 1-800-PICKUPS телефоны арқылы
немесе
www.ups.com торабынан білуіңізге болады. Егер USPS белгісі арқылы қайтаратын
болсаңыз, онда қорапты А.Қ.Ш. Пошта Қызметінің тасымалдаушысына беріңіз немесе А.Қ.Ш.
Пошта Қызметінің Офисінде қалдырыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін немесе көптік
қайтарылымдарға қосымша белгілер мен қораптарға тапсырыс беру үшін
www.hp.com/recycle
торабына барыңыз немесе 1-800-340-2445 телефоны арқылы байланысыңыз. Сұраныс
бойынша UPS алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша есептеледі. Ақпарат
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
А.Қ.Ш. тыс қайтарылымдар
HP Ғаламдық Серіктестер қайтару мен қайта жарату бағдарламасына қатысу үшін қайта жарату
нұсқаулығында берілген жеңіл нұсқауларын (жаңа өнімнің қамсыздандыру материалдары
жіберілген қорабының ішінен табуыңызға болады) орындаңыз немесе
www.hp.com/recycle
торабына барыңыз. HP LaserJet баспа қамсыздандыру материалдарын қалай қайтаруды
түсіндіретін ақпарат қажет болса, өзіңіздің ел/аймағыңызды таңдаңыз.
230 Қосымша D Нормативтік ақпарат KKWW










