HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD)
Windows арналған HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD) жалғыз драйвер болып табылады əрі
ол жекелеген драйверлерді жүктеместен кез келген жерден кез келген HP LaserJet өніміне
виртуалды кіру мүмкіндігін береді. Бұл дəлелденген HP принтер драйверінің технологиясына
негізделген жəне ол егжей-тегжейлі тестіленген жəне көптеген бағдарламалық құралдармен
қолданылады. Бұл өте күшті шешім əрі ол уақыт өткен сайын бір текті орындалады.
HP UPD əрбір НР ө
німімен ті
келей байланыстырады, конфигурация ақпаратын жинайды жəне
содан кейін өнімнің ерекшелігін, қолдағы мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушының
интерфейсін сəйкестендіреді. Екі жақты басу жəне степлерлеу сияқты өнімдер үшін
мүмкіндіктерді автоматты түрде енгізеді, сондықтан Сізге оларды қолмен енгізуге тура келмейді.
Көбірек ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/upd бетіне өтіңіз.
UPD орнату режимдері
Əдеттегі режим
Егер Сіз драйверді жеке компьютердің CD дискісінен орнатсаңыз, осы
режимді пайдаланыңыз.
Осы режиммен орнатылғанда UPD əдеттегі принтер драйверлері сияқты
жұмыс істейді.
Егер Сіз осы режимді пайдалансаңыз, Сізге əрбір компьютерге жеке-
жеке UPD орнатуға тура келеді.
Динамикалық режим
Егер Сіз шағын компьютер үшін драйверді орнатсаңыз осы режимді
пайдаланыңыз, сонда Сіз кез келген жерден HP өнімдерін анықтай жəне
басып шығара аласыз.
Егер Сіз жұмыс тобының UPD орнатсаңыз, осы режимді пайдаланыңыз.
Осы режимді пайдалану үшін Интернеттен UPD жүктеңіз.
www.hp.com/go/
upd көріңіз.
44 Бап 3 Windows арналған бағдарламалық құралдар KKWW