HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Баспа параметрлерінің басымдықтары
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне
қарай белгіленеді:
ЕСКЕРІМ: Командалар мен диалог терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың
түріне қарай əр түрлі болуы мүмкін.
Page Setup (Бет параметрлері) диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін сіз жұмыс
істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен Page Setup (Бет параметрлері) немесе
оған ұқсас бір команданы басыңыз. Осы жерде өзгертілген параметрлер кез келген басқа
жерде өзгертілген параметрлердің күшін жояды.
Print (Басып шығару) диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін сіз жұмыс істеп
отырған ба
ғдарламаның File (Фа
йл) мəзірінен Print (Басып шығару), Print Setup (Баспа
параметрлері) немесе оған ұқсас бір команданы басыңыз. Print диалог терезесінде
енгізілген өзгерістердің басымдығы төмен болады жəне Page Setup (Бет параметрлері)
диалог терезесінде енгізілген өзгерістердің күшін жоймайды.
Printer Properties (Принтердің қасиеттері) диалог терезесі (принтер драйвері): Принтер
драйверін ашу үшін Print (Басып шығару) диалог терезесіндегі Properties (Қасиеттері)
тарм
ағ
ын басыңыз. Printer Properties (Принтердің қасиеттері) диалог терезесінде
өзгертілген параметрлер баспа бағдарламалық құралындағы кез келген басқа жерде
енгізілген өзгерістердің күшін жоймайды.
Əдепкі принтер драйверінің параметрлері: Əдепкі принтер драйверінің параметрлерінде
Page Setup (Бет параметрлері), Print (Басып шығару) немесе Printer Properties (Принтердің
қасиеттері) диалог терезелерінде өзгертілген параметрлерден басқа барлық баспа
тапсырмаларында қолданылатын параметрлер анықталады.
Принтер басқару панелінің п
а
раметрлері: Принтердің басқару панелінде өзгертілген
параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.
46 Бап 3 Windows арналған бағдарламалық құралдар KKWW