HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide
Екі жағына қолмен басу
1. Баспа тапсырмасын қамтамасыз ететін науалардың біріне жеткілікті қағаз мөлшерін
салыңыз. Егер Сіз бланк сияқты арнайы қағаз жүктеген болсаңыз, оны келесі жолдардың
бірімен жүктеңіз:
●
1-Науасын бланк парақтарын бетін астыға жəне жоғарғы жиегін өнімге қаратып
салыңыз.
●
Барлық басқа науаларға бланк парақтарын бетін астыға жəне жоғарғы жиегін науаның
алдыңғы жағына қаратып са
лыңыз.
2. Fi
le (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
3. Finishing (Өңдеу) мəзірінде Manually Print on 2nd Side (2-жағына қолмен басып шығару)
батырмасын басыңыз.
4. Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз. Екінші жағын басып шығару үшін шығыс
жинағын 1-Науаға орналастырмас бұрін компьютер экранына шығарылатын жайылмалы
терезедегі нұсқауларды басыңыз.
5. Өнімге өтіп, 1-Науадағы кез келген бос парақтарды алып тастаңыз.
6. Ба
сып шығарылған жинақты 1-Науаға басылған жағын төмен,жоғарғы жиегін өнімге қаратып
салыңыз. Сіз екінші жағын да 1-Науадан басып шығаруыңыз тиіс.
7. Кеңес берілген жағдайда, жалғастыру үшін басқару панеліндегі тиісті батырманы басыңыз.
Степлер параметрлерін орнату
Степлері орнатылған құрылғы аяқталса, сіз құжатты степлерлей аласыз.
1. File (Файл) мəзірінде Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Finishing (Өңдеу) жайылмалы мəзірін ашыңыз.
3. Stapling Options (Степлер параметрлері) жайылмалы тізімнен сіз пайдаланғыңыз келген
степлерлеу параметрін таңдаңыз.
Тапсырмаларды сақтау
Сіз кез келген уақытта басып шығара алатындай етіп өнімнің тапсырмаларын сақтай аласыз. Сіз
басқа пайдаланушылармен бірге сақталған тапсырмаларды бөле аласыз немесе оларды жеке
ете аласыз.
1. File (Файл) мəзірінде Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Job Storage (Тапсырманы сақтау) жайылмалы мəзірін ашыңыз.
3. Job Storage (Тапсырманы сақтауда) жайылмалы тізімде, сақталған тапсырманың түрін
таңдаңыз.
4. Сақталған тапсырмалар түрлерінің St
ored Job (Сақталған тапсырма), Private Job (Жеке
тапсырма) жəне Private Stored Job (Жеке сақталған тапсырма) үшін Job Name (Тапсырма
атауы) тармағында сақталған тапсырманың атауын енгізіңіз.
62 Бап 4 Өнімді Macintosh компьютерімен пайдалану KKWW










