HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Желі конфигурациясы
Сіз өнімнің кейбір желі параметрлерін конфигурациялауды қажет етуіңіз мүмкін. Сіз ол
параметрлерді басқару панелінен, енгізілген Веб-серверінен немесе желілердің көбінен, HP Web
Jetadmin бағдарламалық құралынан өзгерте аласыз.
Қолдаулы желілердің толық тізімін жəне желі параметрлерін конфигурациялау жөніндегі
нұсқауларды табу үшін HP Jetdirect Embedded Print Server Administrator’s Guide (HP Jetdirect
Енгізілген баспа сервері администраторының нұсқаулығын) қараңыз. Нұсқаулық HP Jetdirect
енгізілген баспа сервері орнатылған өніммен бірге жеткізіледі.
Қолдаулы желілік протоколдар
Өнім ең көп қолданылатын жəне қабылданған желі протокол болып табылатын TCP/IP желі
протоколын қолдайды. Желілік қызметтердің көбі осы протоколды пайдаланады. Келесі кестеде
қолдаулы желі қызметтер мен протоколдар тізімі келтірілген.
Кесте 5-1 Басып шығару
Қызмет аты Сипаттамасы
port9100 (Тікелей режим) Басып шығару қызметі
Желілік принтер «демоны» (LPD) Басып шығару қызметі
Кесте 5-2 Желілік құрылғыны табу
Қызмет аты Сипаттамасы
SLP (Қызмет іздеу протоколы) Желілік құрылғыларды табуда жəне конфигурациялауда
пайдаланылатын Құрылғыны табу протоколы. Негізінен
Microsoft бағдарламалары үшін қолданылады.
Bonjour Желілік құрылғыларды табуда жəне конфигурациялауда
пайдаланылатын Құрылғыны табу протоколы. Негізінен
Apple Macintosh бағдарламалары үшін қолданылады.
Кесте 5-3 Хабар алмасу жəне басқару
Қызмет аты Сипаттамасы
HTTP (гипермəтіндік файлдарды жіберу протоколы) Веб-браузерлерге енгізілген веб-сервермен байланысқа
шығуға мүмкіндік береді.
EWS (енгізілген веб-сервер) Сізге өнімді Веб-браузері арқылы басқару мүмкіндігін
береді.
SNMP (желілік басқарудың қарапайым протоколы) Желі бағдарламаларымен өнімді басқару үшін
пайдаланылады. SNMP v1 жəне стандартты MIB-II
(Басқару мəліметтерінің базасы) нысандарына қолдау
көрсетіледі.
KKWW Желі конфигурациясы 67