HP LaserJet P4010 and P4510 Series - User's Guide

Кесте 5-4 IP адресін беру
Қызмет аты Сипаттамасы
DHCP (хостты динамикалық конфигурациялау протоколы) IP адресін автоматты беру үшін. DHCP сервері өнімге IP
адресін береді. Негізінен, өнімнің DHCP серверінен IP
адресін алуы үшін пайдаланушының араласуы қажет
етілмейді.
BOOTP (жүктеу протоколы) IP адресін автоматты беру үшін. BOOTP сервері өнімге IP
адресін береді. Серверден IP адресін алу үшін BOOTP
серверіне өнімнің MAC аппараттық құрал адресін енгізу
үшін администратор қажет етіледі.
Авто IP IP адресін автоматты беру үшін. DHCP немесе BOOTP
сервері болмаса, өнім бұл қызметті бірегей IP адресін құру
үшін пайдаланады.
Желілік өнімді конфигурациялаңыз
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Сіз енгізілген Веб-серверін IP адресі параметрлерін көру немесе өзгерту үшін пайдалана аласыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Енгізілген Jetdirect бетінде IP адресін тауып
алыңыз.
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:
xx.xx.xx.xx
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Ол келесідей қалыпта болады:
xxxx::xxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. Енг
ізілген Веб-серверін ашу үшін IP адресін Веб-браузер жолағына теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
Желілік кілтсөзді орнату немесе өзгерту
Желілік кілтсөзді орнату үшін немесе бар кілтсөзді өзгерту үшін енгізілген Веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб-серверін ашып, Settings (Параметрлер) жиекбелгісін басыңыз.
2. Оң жағ аумақта Security (Қауіпсіздік) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер кілтсөз бірінші рет орнатылып отырған болса, сізге кілтсөзді теру
ұсынылады. Кілтсөзді теріңіз, содан кейін Apply (Қолдану) батырмасын басыңыз.
3. Device Password (Құрылғы кілтсөзі) аумағында жаңа кілтсөзді New Password (Жаңа кілтсөз)
жолына жəне Verify Password (Кілтсөзді растау) жолына теріңіз.
4. Терезенің астыңғы жағында кілтсөзді сақтау үшін Apply (Қолдану) батырмасын басыңыз.
68 Бап 5 Қосылу сипаттары KKWW