HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
Басқару панелінің дисплейіндегі мəселелер
ЕСКЕРТУ: Өнімнің басқару панелінің дисплейіне шығару үшін статикалық электр қуаты күтпеген
қара сызықтардың немесе нүктелердің пайда болуына себепші болуы мүмкін. Егер сіздің
статикалық электр зарядын (мысалы, ылғалдылығы төмен ортада кілемде жүру арқылы) жинап
алуыңызға мүмкіндік болса, өнімнің басқару панелінің дисплейіне тиіспеңіз.
Күтпеген сызықтар немесе нүктелер өнімнің басқару панелінің дисплейіне шығуы мүмкін, немесе
өнім электр немесе магнит өрісінде болса, дисплейдің бос болуы мүмкін. Бұл мəселені шешу үшін
мына процедураларды орындаңыз:
1. Өнімді өшіріңіз.
2. Өнімді электр немесе магнит өрісінен алыңыз.
3. Өнімді қайтадан қосыңыз.
Кептелуден тазалаңыз
Кептелу себептері
Байқаусызда, басып шығару тапсырмасы кезінде қағаздың немесе басқа баспа құралының
кептеліп қалуы мүмкін. Кейбір себептер мына жағдайларды қамтиды:
●
Кіріс науаларына дұрыс салынбаған немесе толып кеткен, немесе баспа құралын
реттегіштер дұрыс қойылмаған.
●
Баспа тапсырмасы кезінде кіріс науасына баспа құралы қосылды немесе одан алынды
немесе баспа тапсырмасы кезінде өнімнен кіріс науасы шешілді.
●
Баспа
тапсырмасы кезінде картридждің есігі ашылды.
●
Шығатын жерде қағаз тым көп жиналған, немесе шығатын жерде қағаздар кедергі жасап тұр.
●
Пайдалынылып отырған баспа құралы HP техникалық сипаттамасына сай келмейді.
●
Баспа құралы бүлінген немесе оған қапсырмалар немесе қысқыштар секілді бөтен заттар
қыстырылған.
●
Баспа құралы сақталған орта тым ылғалды немесе тым құрғақ.
Кептелуді қайдан іздеу керек
Қағаз мына орындарда кептелуі мүмкін:
●
Кіріс маңайларынан
●
Шығыс маңайларынан
●
Баспа картриджінің маңайынан
Мына беттердегі нұсқауларды қолдана отырып кептелуді тауып шығарыңыз. Егер кептелу орны
анықталмаса, алдымен өнімнің ішін қараңыз.
Кептелуден кейін тонердің босап қалуы мүмкін. Біраз қағаз басылып шыққаннан кейін бұл мəселе
өздігінен шешіледі.
92 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW










