HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

Баспа картриджінің аймағын кептелуден тазалаңыз
ЕСКЕРТУ: Кептелгенді алу үшін пинцет немесе үшкір кемпірауыз сияқты үшкір заттарды
пайдаланбаңыз. Үшкір заттардан пайда болған зақым кепілдікте қамтылмаған.
Кептелген баспа құралын алғанда, кептелген баспа құралын өнімнен тіке тартыңыз. Кептелген
баспа құралын қандай да бір бұрышпен тартудан өнімге зақым келуі мүмкін.
1. Баспа картриджінің есігін ашып, баспа картриджін шешіп алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны тікелей жарық əсеріне ұшырауын
барынша азайту қажет.
2. Екі қолыңызбен кептелген баспа құралының көрініп тұрған жерінен (ортасынан да) ұстап,
өнімнен абайлап еркін тартыңыз.
96 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW