HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
3. Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз.
Қағаздардың қайталап кептелуіне жол бермеңіз
●
Кіріс науасының толмағанын тексеріңіз. Кіріс науасының сыйымдылығы қолданып отырған
баспа құралының түріне қарай өзгереді.
●
Баспа құралын реттегіштердің дұрыс қойылғанын тексеріңіз.
●
Кіріс науасының орнында нық тұрғанын тексеріңіз.
●
Өнім басып шығарып жатқанда кіріс науасына баспа құралын қоспаңыз.
●
Тек HP компаниясы ұсынған баспа құралдарының түрлері мен өлшемдерін пайдаланыңыз.
●
Науаға салғанша баспа құралдарын
парақтамаңыз. Бума қағаздың арасын ашу үшін екі
қолыңызбен мықтап ұстаңыз да қолдарыңызбен кері бағытқа қарай бұрау арқылы
қайырыңыз.
●
Баспа құралдарының шығару науасында жиналып қалуына мүмкіндік бермеңіз.
Қолданылатын баспа құралының түрі жəне тонердің мөлшері шығыс қалтасының
сыйымдылығына əсер етеді.
●
Қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз. Электр сымының өнім мен қуат көзіне берік
жалғанғанына көз жеткізіңіз
. Электр сымын жерге қосылған электр розеткасына жалғаңыз.
KKWW Кептелуден тазалаңыз 97










