HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
Жалғауға қатысты мəселелер
Тікелей жалғауға қатысты мəселелерді шешіңіз.
Компьютерге тікелей жалғанған құрылғыда жалғауға қатысты мəселелерге пайда болса,
төмендегі қадамдарды аяқтаңыз:
1. USB кабелінің 3 метрден (9 фут) аспайтынына көз жеткізіңіз.
2. USB кабелінің екі ұшының жалғанғанына көз жеткізіңіз.
3. Кабельдің USB 2.0 Жоғары Жылдамдықты сертификатталған кабель екеніне көз жеткізіңіз.
4. Егер қате жойылмаса, басқа USB кабелін пайдаланыңыз.
Желі ақаулары (тек желілік модельдерге арналған)
Өнімнің қосылғанын жəне онлайн режимінде екенін тексеріңіз.
Өнімнің басып шығаруға дайын екеніне көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз.
1. Өнім жалғанған жəне қосылған ба?
Өнімнің жалғанғанына жəне қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер қате жойылмаса, сіздегі қорек
кабелі, қуат көзі немесе өнім ақаулы болуы мүмкін.
2. Өнім Ready (Дайын) режимінде тұр ма?
Егер өнім тапсырманы аяқтаса, ағымдағы тапсырма аяқталғанша, сізге күте
тұру керек.
3. Өнімнің басқару панелінің дисплейінде ештеңе жоқ па?
●
Өнімнің қосылғанына көз жеткізіңіз.
●
Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
4. Өнімнің басқару панелінің дисплейіне Ready (Дайын) басқа хабар шыға ма?
●
Басқару панеліндегі хабарлар мен түзету əрекеттеріне арналған өнімнің құжаттамасын
қарап шығыңыз.
Желімен байланыс мəселелерін шешіңіз
Өнімнің желімен байланысып тұрғанына көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз.
1. Жұмыс станциясы немесе файл сервері мен өнімнің арасында физикалық жалғауға қатысты
мəселелер бар ма?
Желі кабелінің, жалғаудың жəне маршрутизатор конфигурацияларының дұрыс екенін
тексеріңіз. Желі кабелі ұзындықтарының желінің ерекшеліктеріне сай келетінін тексеріңіз.
2. Желі кабельдері дұрыс жалғанған ба?
Өнімнің желіге сəйкес келетін порт
жəне кабель арқылы жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қауіпсіз
жəне дұрыс орында екеніне көз жеткізу үшін əрбір кабельдің жалғауын тексеріңіз. Егер
мəселе шешілмесе, хабтағы немесе трансивердегі басқа кабельді немесе порттарды көріңіз.
Өнімнің артындағы порт ұясының жанындағы сары түсті жұмыс индикаторы мен жасыл түсті
байланыс мəртебесінің шамы жану керек.
114 Бап 11 Мəселелерді шешу KKWW










