HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
B Техникалық кызмет жəне қолдау
Hewlett-Packard компаниясының шектеулі кепілдік
туралы мəлімдемесі
НР ӨНІМІ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІКТІҢ ƏРЕКЕТ МЕРЗІМІ
HP LaserJet M1120 жəне M1120n Бір жылдық шектеулі кепілдік
HP компаниясы сізге, соңғы пайдаланушыға, сатып алынған күннен бастап жоғарыда белгіленген мерзім
ішінде HP компаниясының жабдықтары мен керек-жарақтарында материал немесе өндірістік ақаулықтар
болмайтындығына кепілдік береді. Егер HP компаниясы кепілдік мерзімі ішінде сондай ақаулықтар туралы
хабар алса, HP ақаулы болып шыққан өнімдерді өз ұйғарымына сəйкес жөндеп немесе ауыстырып береді.
Ауыстырылған өнімдер жаңа немесе жаңа өнімдер сияқты
жұмыс істейтін болуы мүмкін.
HP компаниясы сізге сатып алынған күннен бастап жоғарыда белгіленген мерзім ішінде HP бағдарламалық
құралдары дұрыс орнатылып, пайдаланылу шартымен өзінің бағдарламалық нұсқауларын материалдағы
немесе өндіріс нəтижесіндегі кемшіліктерге байланысты ақаусыз орындайтынына кепіл береді. Егер HP
кепілдік мерзімі ішінде сондай ақаулықтар туралы хабар алса, HP берілген нұсқауларды сондай
ақаулықтарға байланысты орындамайтын бағдарламаны ауыстырып береді.
HP компаниясы HP өнімдерінің үздіксіз жəне қатесіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Егер HP себепті
уақыт ішінде қандай да бір өнімін кепілдік берілген күйде жөндей алмаса немесе ауыстырып бере алмаса,
өнімді қысқа уақыт ішінде қайтарғаннан кейін оның құнын қайтарып алуға құқығыңыз бар.
HP өнімдерінің кұрамында жаңа құрылғы сияқты істейтін қалпына келтірілген бөлшектер болуы мүмкін
немесе олар
кездейсоқ пайдаланылған болуы мүмкін.
Кепілдік (а) дұрыс немесе талаптарға сəйкес жөндемеу немесе тексеру, (ə) HP компаниясының
бағдарламалық құралын, интерфейсін немесе қосалқы бөлшектерін пайдаланбау, (б) рұқсатсыз өзгерту
немесе дұрыс пайдаланбау, (в) өнімді қоршаған орта талаптарына сəйкес пайдаланбау немесе (г) тиісті
орында дайындамау немесе жөндемеу нəтижесінде туындаған ақаулықтарды қамтымайды.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕ ЖОҒАРЫДА
БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР ЖАЛҒЫЗ ДЕП
САНАЛАДЫ ЖƏНЕ ЕШБІР БАСҚА ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ТІКЕЛЕЙ
НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БЕРІЛМЕЙДІ. HP КОМПАНИЯСЫ ƏСІРЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАУАРЛЫҚ КҮЙ,
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА ЖƏНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР МЕН
ШАРТТАРДЫ МОЙЫНДАУДАН БАС ТАРТАДЫ. Кейбір елдер/аймақтар, штаттар немесе облыстар
тұспалданған кепілдіктің ұзақтығын шектеуге рұқсат бермейді.
Сондықтан жоғарыда айтылған шектеу
немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін. Осы кепілдікте сізге нақты заңды құқықтар беріледі жəне
сізде əр елге/аймаққа, мемлекетке немесе облысқа қарай əр түрлі болатын басқа да құқықтар болуы
мүмкін. HP компаниясының шектеулі кепілдігі HP компаниясының осы өнімге қолдау көрсететін жəне HP
компаниясы осы өнімді сататын кез келген елде/аймақта немесе
мекенде жарамды. Кепілдік қызметінің
деңгейі жергілікті стандарттарға қарай əр түрлі болуы мүмкін. HP заңдық немесе құқықтық реттеу себептері
KKWW Hewlett-Packard компаниясының шектеулі кепілдік туралы мəлімдемесі 121










