HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

бойынша жұмыс істетуге арналмаған елдегі/аймақтағы өнімді істету үшін оның пішінін, арнаулы мақсатын
немесе қызметін өзгертпейді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕ, БҰЛ КЕПІЛДІК МƏЛІМДЕМЕСІНДЕ АТАЛҒАН
ӨТЕМАҚЫЛАР ТЕК СІЗГЕ ҒАНА ТӨЛЕНЕТІН ӨТЕМАҚЫЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН
ЖАҒДАЙЛАРДЫ КОСПАҒАНДА, HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА
ЖОҒАЛҒАН МƏЛІМЕТТЕР ҮШІН НЕМЕСЕ ТІКЕЛЕЙ, ЕРЕКШЕ, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА ЗИЯН (СОНЫҢ
ІШІНДЕ
ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА НЕМЕСЕ МƏЛІМЕТТЕР) ҮШІН НЕМЕСЕ БАСҚА ЗИЯН ҮШІН ОЛАРДЫҢ
КЕЛІСІМ-ШАРТТАН, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫНАН НЕМЕСЕ БАСҚА ЖОЛМЕН ШЫҚҚАНЫНА
ҚАРАМАСТАН ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТПАЙДЫ. Кейбір елдерде/аймақтарда, мемлекеттерде немесе
облыстарда кездейсоқ жəне жанама зиянды қарамауға немесе шектеуге рұқсат берілмейді. Сондықтан
жоғарыда айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін.
БҰЛ МƏЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДƏРЕЖЕНІ
ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН
ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ
ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
Тұтынушылардың өзі жөндеуіне кепілдік беру қызметі
HP өнімдері жөндеу уақытын азайту жəне ақаулы бөлшектерді ауыстыру кезінде икемділікті
арттыру үшін көптеген тұтынушылардың өздері жөндей алатын (CSR) бөлшектермен
жабдықталған. Диагностика кезеңінде HP компаниясы жөндеуді CSR бөлшегінің көмегімен
орындауға болатынын анықтаған жағдайда HP бұл бөлшекті ауыстыру үшін тікелей сізге
жолдайды. CSR бөлшектерінің екі түрлі санаты бар: 1) Тұтынушылардың өздері ауыстыруы
міндетті бөлшектер. Егер HP компаниясынан осы бөлшектерді ауыстыруын сұрасаңыз, сізден
тасымалдау жəне осы қызметті көрсету кезінде істелген жұмыс үшін ақы алынады. 1)
Тұтынушылардың өздері ауыстыруы міндетті емес бөлшектер. Бұл бөлшектер тұтынушылардың
өздерінің жөндеуіне арнаған. Алайда, HP компаниясынан оларды сіз үшін ауыстырып талап
етсеңіз, бұл өніміңізге арналған кепілді қызмет түрі ретінде ешбір қосымша ақысыз орындалуы
мүмкін.
Қолда бар болуы мен географиялық мүмкіндіктерге қарай, CSR бөлшектері келесі
жұмыс күні
жөнелтіледі. Бір күнде немесе төрт сағатта жеткізу географиялық мүмкіндіктерге қарай қосымша
ақы үшін ұсынылуы мүмкін. Жəрдем қажет болса, HP Техникалық қолдау орталығына
хабарласып, техникалық маманнан телефон арқылы көмек алуыңызға болады. HP
ауыстырылатын CSR бөлшегімен бірге жеткізілген материалдарда ақаулы бөлшектің HP
компаниясына қайтарылатынын не қайтарылмайтынын көрсетеді. Ақаулы бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажет болған жағдайда, ақаулы бөлшекті HP
компаниясына белгілі бір
мерзім ішінде, əдетте бес (5) жұмыс күні ішінде жіберуіңіз керек. Ақаулы бөлшек берілген
тасымалдау материалының ішіндегі ілеспе құжаттармен бірге қайтарылуға тиіс. Ақаулы бөлшекті
қайтармаған жағдайда HP сізден ауыстырып бергені үшін ақы алуы мүмкін. Тұтынушылардың
өздері жөндеуі қызметі аясында HP барлық тасымалдау жəне бөлшекті қайтару ақысын төлейді
жəне пайдаланылатын курьерді/тасымалдаушыны анықтайды.
122 Қосымша B Техникалық
кызмет жəне қолдау KKWW