HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

HP техникалық қызмет көрсету келісімдері
HP компаниясында қолдау қажеттіліктерінің кең ауқымына сай техникалық қызмет көрсету
келісімдерінің бірнеше түрі бар. Техникалық қызмет көрсету келісімдері стандартты кепілдіктің
бөлігін құрамайды. Қолдау қызметтері аймақтарға қарай əр түрлі болуы мүмкін. Сізге көрсетілетін
қызметтердің бар-жоғын анықтау үшін HP дилерінен сұраңыз.
Құрылғыны қайтадан қорабына салу
Егер HP Тұтынушыларды қорғау қызметі құрылғы жөндеу үшін HP компаниясына қайтарылуы
керек деп ұйғарса, құрылғыны тасымалдар алдында оны қайтадан қорабына салу үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Дұрыс орамау нəтижесінде болған тасымалдау зақымдарына қатысты
жауапкершілік тұтынушыға артылады.
1. Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны жіберер алдында баспа картриджін шығарып алудың маызы аса
зор. Құрылғының ішінде қалып қойған баспа картриджі тасымалдау кезінде ағып,
құрылғының механизміне жəне басқа бөлшектерге түгел тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның білігіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.
2. Қуат кабелін, интерфейстік кабельді жəне қосымша керек-жарақтарды ажыратып алып,
сақтап қойыңыз.
3. Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.
4. АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды
ұсынады.
Кеңейтілген кепілдік
HP Қолдау қызметі HP аппараттық өнімі мен беретін барлық ішкі компоненттерді сақтандырумен
қамтамасыз етеді. Аппараттық құралдарға қызмет көрсету HP өнімі сатып алынған күннен бастап
1-3 жыл мерзімді қамтиды. Тұтынушы HP Қолдау қызметін белгіленген зауыттық кепілдік мерзімі
ішінде сатып алуға тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметі мен
Қолдау тобына хабарласыңыз.
126 Қосымша B Техникалық кызмет жəне қолдау KKWW