HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

FCC талаптарына сəйкестік
Бұл жабдық сынақтан өтті жəне FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес B класындағы сандық
құрылғыға арналған шектеулерге сəйкес келеді деп танылды. Бұл шектеулер жеке орнатудағы
зиянды кедергілерден қажетті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл жабдық радио
жиілігіндегі энергияны өндіреді, пайдаланады жəне тарата алады. Егер ол нұсқауларға сəйкес
орнатылмаса жəне қолданылмаса, ол радио байланысқа зиянды кедергі келтіруі мүмкін.
Дегенмен
, нақты бір орнатуда кедергінің болмайтынына кепілдік берілмейді. Егер бұл жабдық
өшкенде немесе қосылғанда радио немесе телеарналар сигналын қабылдауға зиянды кедергі
келтірсе, пайдаланушы төмендегі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергіні жоюға
талпынады:
Қабылдаушы антенна бағытын немесе орнын өзгертіңіз.
Құрал-жабдық пен қабылдаушының арасын алыстатыңыз.
Құрал-жабдықты қабылдаушы жалғанған тізбектен өзге тізбекке
қосыңыз.
Өзіңіздің дилеріңізбен немесе тəжірибелі радио/ТД маманымен хабарласып, кеңес алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Hewlett-Packard тарапынан нақты мақұлданбай енгізілген кез келген өзгерістер мен
түрлендірулер пайдаланушыны осы жабдықты қолдану құқығынан айыруы мүмкін.
FCC ережелерінің 15-бөлімінің В-класты шектеулеріне сəйкес келетін экрандалған интерфейсті
кабельді пайдаланыңыз.
Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын/Ұйқы режимінде қуаттың тұтынылуы айтарлықтай азайып, бұл бұйымның жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді. Бұл өнімдің ENERGY
STAR® квалификациялық жағдайын анықтау үшін Өнім Спецификациясын немесе
Спецификациялар парағын қараңыз. Жарамды өнімдердің тізімі келесілерде де берілген:
http://www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/productdesign/ecolabels.html
Тонерді пайдалану
EconoMode (Үнемдеу режимі) тонерді аз пайдаланып, баспа картрижінің пайдалану мерзімін
ұзартуы мүмкін.
132 Қосымша D Нормативтік ақпарат KKWW