HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің дуплекстеу (екі жағына басып шығару) жəне N-дейін басып шығару (бір параққа
бірнеше бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығымын жəне нəтижесінде табиғи қорларға
сұранысты азайта алады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet баспаға арналған қамсыздандыру құралдары
HP Planet Partners-пен бос HP LaserJet баспа картридждерін қайтару мен қайта пайдалану оңай
болады. Əрбір жаңа HP LaserJet баспа картриджі мен жеткізу пакеті ішінде көп тілді
бағдарламалық ақпарат пен нұсқаулар бар. Бірнеше картриджді бөлек тапсырмай, бірге тапсыру
арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға көмектесесіз.
HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайдалануы жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең
ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары сапалы
өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына келтіру үшін өңдейміз жəне миллиондаған тонна
қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып
, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
ЕСКЕРІМ: Қайтару затбелгісін тек нағыз HP LaserJet баспа картриждерін қайтару үшін
пайдаланыңыз. Осы затбелгіні НР компаниясының сия картридждері, басқа компаниялардың
картриждері, қайта толтырылған не қалпына келтірілген картриждер немесе кепілдікке сəйкес
қайтару үшін пайдаланбауыңыз сұралады. HP компаниясының сия картридждерін қайта
пайдалану туралы ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонерлі картридждің қорабына салынған затбелгі бір немесе бірнеше
пайдаланылған HP LaserJet баспа картриждерін қайтаруға жəне қайта пайдалануға арналған.
Төменгі нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше картриджді қайтару (екіден сегіз картриджге дейін)
1. Əрбір HP LaserJet баспа картриджін өзінің қорабына жəне қапшығына салыңыз.
2. Сегіз қорапқа дейін (32 кг дейін) біріктіріп таспамен байлап қойыңыз.
3. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін
қолданыңыз.
KKWW Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы 133










