HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

НЕМЕСЕ
1. Жарамды қорабыңызды қолданыңыз, немесе
http://www.hp.com/recycle адресі не
1-800-340-2445 нөмірі бойынша хабарласып, тегін көлемді қорап (қорапқа сегіз HP LaserJet
картриджі сыяды) сұраңыз.
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP LaserJet баспа картриджін өзінің қабына жəне қорабына салыңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
Барлық HP LaserJet баспа картридждерді қайта пайдалануға қайтару үшін UPS пошталық
компаниясының қызметкері хат
хабарларды əкелуге немесе алуға келгенде қорапты оған
тапсырыңыз, немесе UPS компаниясының қабылдау орталығына апарып беріңіз. Жергілікті UPS
қабылдау орталығының мекен-жайын біліп алу үшін 1-800-PICKUPS нөміріне хабарласыңыз
немесе
http://www.ups.com сайтына кіріңіз. Егер картриджді USPS (Америка Құрама Штаттарының
Пошта Қызметіне) арналған затбелгісімен қайтарсаңыз, қорапты USPS қызметкеріне тапсырыңыз
немесе USPS пошта кеңсесінде қалдырып кетіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін немесе қосымша
затбелгілермен көлемді қораптарға тапсырыс беру үшін
http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз
немесе 1-800-340-2445 нөміріне хабарласыңыз. UPS компаниясы қорапты алып кету үшін өзінің
қалыпты алу кету ақысын талап етеді. Бұл ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Картридждерді АҚШ-тан басқа елдерде/аймақтарда қайтару
HP компаниясының Planet Partners (Ғаламшар Əріптестері) қайтару жəне қайта пайдалану
бағдарламасында қатысу үшін қайта істеу туралы нұсқаулықта берілген қарапайым нұсқауларды
орындаңыз (оны жаңа принтердің қорабында табасыз ) немесе
http://www.hp.com/recycle сайтына
кіріңіз. HP LaserJet баспа материалдар мен бөлшектерді қайтару туралы ақпараталу үшін өз
еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы
қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
134 Қосымша D Нормативтік ақпарат KKWW