HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

нүкте/дюйм (н/д) Басып шығаруға қолданылатын ажыратымдылық өлшемі. Жалпы, əр дюймдегі көп
нүкте ажытарымдылықтың мəнінің артуына, бейнедегі көрінетін элементтердің көбеюіне жəне файл
өлшемінің артуына нəтиже береді.
принтер драйвері Принтер драйвері бағдарламалардың өнім функцияларына өтуге қолданатын
бағдарламасы болып табылады. Принтер драйвері (беттің үзілуі жəне қаріпті таңдау секілді)
бағдарламалардың пішімдеу командаларын (PostScript немесе PCL секілді) принтер
тіліне аударады,
содан кейін басып шығарылатын файлды өнімге жібереді.
салыстыру Жинақтағы көп көшірме жасау тапсырмасын басып шығару процесі. Салыстыру таңдалғанда,
өнім қосымша көшірмелерді басып шығарар алдында жинақты толығымен басып шығарады. Немесе, өнім
келесі беттерді басып шығарар алдында бір беттің білгіленген сандағы көшірмелерін басып шығарады.
Символдарды оптикалық тану (OCR) бағдарламалық құралы OCR бағдарламалық құралы
сканерленген
құжат секілді мəтіннің электрондық бейнесін мəтіндік процессор, ірі пішімді кесте жəне
дерекқор бағдарламалары қолдана алатын пішінге өзгертеді.
су таңбалары Су таңбасы фондық мəтінді басып шығарылып жатқан құжатқа қосады. Мысалы, құжаттың
құпия екенін көрсету үшін «Құпия» белгісі құжаттың фондық мəтініне басылып шығады. Таңдау алдын ала
анықталған су таңбалары жинағынан жасалады жəне қаріпі, өлшемі,
бұрышы жəне стилі өзгеруі мүмкін.
Өнім бірінші бетке ғана немесе барлық беттерге су белгісін қоя алады.
сұр шəкілі Түрлі түсті бейнелер сұр шəкілдегіге ауысқандағы бейненің ашық жəне қою бөліктерін
көрсететін сұр түсті көлеңкелер; түстер əр түрлі сұр түс көлеңкелері арқылы берілген.
файл форматы Файл мазмұнының бағдарлама немесе бағдарламалар тобы арқылы құрылу жолы.
эл. пошта (Электрондық пошта) Электрондық пошта үшін қысқарту. Байланыс желісі арқылы
тармақтарды электрондық жолмен беруге қолданылатын бағдарламалық құрал.
140 Глоссарий KKWW