HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
Windows арналған қолдау көрсетілетін операциялық
жүйелер
Өнім келесідей Windows операциялық жүйелерін қолдайды:
Бағдарламалық құралдарды толық орнату
●
Windows XP (32-бит)
●
Windows Vista (32-бит)
●
Windows 2000
●
Windows 2003 Server (32-бит)
Тек баспа жəне сканер драйверлері
●
Windows XP (64-бит)
●
Windows Vista (64-бит)
●
Windows 2003 Server (64-бит)
Принтер драйвері
Өнім Windows арналған жəне компьютерге принтермен байланысу мүмкіндігін беретін
бағдарламалық құралмен жеткізіледі. Осы бағдарламалық құрал принтер драйвері деп аталады.
Принтер драйверлері бейімделген өлшемді қағазға басып шығару, құжат өлшемін өзгерту жəне
су белгілерін қосу сияқты өнім мүмкіншіліктерін пайдалану мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРІМ: Ең жаңа драйверлерді табуға болатын жер www.hp.com/support/LJM1120. Windows
негізделген компьютер конфигурациясына орай өнім бағдарламалық құралының орнату
бағдарламасы ең соңғы драйверлерді алу үшін компьютердің Интернетке қосылысының болуын
тексереді.
Баспа баптауларының басымдылығы
Баспа баптауларындағы өзгертулер жасалу орнына байланысты басым болады:
ЕСКЕРІМ: Командалар мен диалог терезелерінің атаулары бағдарламалық құралыңызға орай
əр түрлі болуы мүмкін.
●
Бет Баптаулары диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін Page Setup (Бет
Баптаулары) немесе өзіңіз жұмыс істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен ұқсас
команданы шертіңіз. Осы жерде жасалған өзгертулер кез келген өзге жерде жасалған
баптауларға қарағанда басым болады.
●
Басып шығару диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін Print (Басып шығару), Print
Setup (Бет
Баптаулары) немесе өзіңіз жұмыс істеп отырған бағдарламаның File (Файл)
мəзірінен ұқсас команданы шертіңіз. Print (Басып шығару) диалог терезесіндегі өзгертулер
басымдылығы төмен жəне Page Setup (Бет Баптаулары) диалог терезесінде жасалған
өзгертулердің орнын баспайды.
●
Принтер Қасиеттері диалог терезесі (принтер драйвері): Принтер драйверін ашу үшін
Print (Басып шығару) диалог терезесіндегі Properties (Қасиеттері) тармағын ашыңыз. Printer
Properties (Принтер Қасиеттері) диалог терезесіндегі баптауларды өзгерту принтердің
бағдарламалық құралының кез келген өзге жерінде жасалған өзгертулердің орнын
баспайды.
●
Стандартты принтер драйверінің баптаулары: Баптаулар Page Setup (Бет Баптаулары),
Print (Басып шығару) немесе Printer Properties (Принтер Қасиеттері) диалог терезелерінде
згертілмесе, стандартты принтер драйверінің баптаулары барлық баспа
тапсырмаларында қолданылатын баптауларды білдіреді.
16 Бап 3 Windows бағдарламалары KKWW










