HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
Мұқабаны басып шығару
Сіз құрамында хабары («Құпия» сияқты) бар құжаттарыңыз үшін түрлі мұқаба беттерін басып
шығара аласыз.
1. File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Cover Page (Алдыңғы Мұқаба) жайылмалы мəзірін ашып, одан кейін алдыңғы мұқабаны не
Before Document (Құжат алдында) немесе After Document (Құжаттан Кейін) басып
шығаруды таңдаңыз.
4. Cover Page Type (Мұқаба Бетінің Түрі) жайылмалы
мəзірінен өзіңіз мұқаба бетте басып
шығарғыңыз келетін хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Standard (Стандартты) түрді Cover Page
Type (Мұқаба Бетінің Түрі) түрінде таңдаңыз.
Macintosh жүйесінде бір парақ қағазға бірнеше бет басып шығару
Бір парақ қағазға бірнеше бет басып шығара аласыз. Бұл мүмкіншілік жоба беттерін басып
шығарудың тиімді жолын қамтамасыз етеді.
1. File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Layout (Орналастыру) жайылмалы мəзірін ашыңыз.
4. Одан кейін Pages per Sheet (Бет Параққа) мəзіріне өтіп, əр параққа басып шығарғыңыз
келетін бет санын (1, 2, 4, 6, 9, немесе 16) таңдаңыз.
5. Одан кейін Layout Direction (Орналастыру Бағыты) мəзіріне өтіп, парақтағы беттер кезегі
мен орналастырылуын таңдаңыз.
6. Одан кейін Borders (Жиектері) мəзіріне
өтіп, парақтағы əр беттің жан жағындағы жиек түрін
таңдаңыз.
26 Бап 4 Өнімді Macintosh жүйесімен пайдаланыңыз KKWW










