HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

Өнімді USB арқылы тікелей компьютерге қосыңыз
ЕСКЕРІМ: Өнімнен шығатын USB кабельді компьютерге дереу қоспаңыз, орнату
бағдарламасынан сəйкес хабар алынғанша күтіңіз.
1. Өнімнің шағын дискісін (CD) компьютеріңізге салыңыз. Егер орнату бағдарламасы іске
қосылмаса, шағын дискідегі setup.exe файлына барып, файлды екі рет басыңыз.
2. Орнату бағдарламасының нұсқауларын орындаңыз.
3. Орнату процесі аяқталған соң компьютерді қайтадан іске қосыңыз.
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты
жауапкершіліктен бас тарту
HP тең құқықты құрылғылары бар желі ұйымдастыруды қолдамайды, себебі бұл мүмкіндік НР
принтер драйверлерінің емес, ал Microsoft операциялық жүйелерінің функциясы болып
табылады. Microsoft компаниясының
www.microsoft.com сайтына барыңыз.
Қолдау көрсетілетін желілік операциялық жүйелер
Келесі операциялық жүйелер желілік басып шығаруды қолдайды:
Windows XP (32-бит жəне 64-бит)
Windows Vista (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows 2000
Windows 2003 Server (32-бит жəне 64-бит)
Mac OS X v10.3, v10.4 жəне кейінгі нұсқалары
30 Бап 5 Байланыс мүмкіндігі KKWW