HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

Windows жүйесінде қағаздың бір парағында бірнеше
беттерді басып шығару
Сіз бір параққа қағазға бір беттен көбін басып шығара аласыз.
1. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдап, одан кейін Properties (Қасиеттер) немесе Preferences (Таңдаулылар)
батырмасын басыңыз.
3. Finishing (Аяқтау) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Document Options (Құжат опциялары) жайылмалы тізімінде əрбір параққа басып
шығарғыңыз келген беттерді санын (1, 2, 4, 6, 9, не 16) таңдаңыз.
5. Егер бет саны 1-ден көп болса, Print page borders (Бет жиектерін басып
шығару) жəне Page
order (Бет тəртібі) үшін дұрыс параметрлер таңдаңыз.
Егер Сіз бет бағытын өзгерткіңіз келетін болса, Portrait (Портрет) немесе Landscape
(Ландшафт) белгісін таңдаңыз.
6. OK батырмасын таңдаңыз. Өнім ендігі өзіңіз таңдағана əр параққа басылатын бет санын
орнатты.
KKWW Windows жүйесінде қағаздың бір парағында бірнеше беттерді басып шығару 51