HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

Түпнұсқаларды салу
1. Планшетті сканердің қақпағын көтеріңіз.
2. Түпнұсқа құжатты планшетті сканерге құжаттың жоғарғы сол жақ бұрышын сканер
белгішесімен таңбаланған бұрышқа қаратып орналастырыңыз.
3. Қақпақты абайлап жабыңыз.
Көшірмені пайдаланыңыз
Бір рет басу арқылы көшіру
1. Құжатты планшетті сканерге салыңыз.
2. Көшіруді бастау үшін өнімнің басқару панелінде Көшіруді бастау батырмасын басыңыз.
3. Процесті əрбір көшірме үшін қайталаңыз.
Бірнеше көшірме
Ағымдағы тапсырма үшін көшірмелер санын өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панелінде # of Copies (Көшірмелер саны) батырмасын басыңыз.
2. Ағымдағы тапсырмаңызға орындағыңыз келген көшірмелердің санын (1 мен 99 аралығында)
қою үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланыңыз.
3. Көшіру тапсырмасын бастау үшін Көшіруді бастау батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін
мөлшермен 2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің
дисплейіне Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Көшірмелердің стандартты санын өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панеліндегі Орнату басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Көшірме орнату таңдап алу үшін пайдаланып, OK басыңыз.
3. Def. # of copies (Стандартты көшірмелердің саны) таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларды пайдаланыңыз, содан кейін OK басыңыз.
54 Бап 8 Көшіру KKWW