HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

4. Стандартты мəн ретінде орындағыңыз келген көшірмелердің санын (1 мен 99
аралығындағы) қою үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланыңыз.
5. Таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Көшіру тапсырмасынан бас тарту
Көшіру тапсырмасын тоқтату үшін өнімнің басқару панелінде Бас тарту батырмасын басыңыз.
Егер бірнеше процестер орындалып жатқан болса, Бас тарту батырмасын басу өнімнің басқару
панелінің дисплейінде ағымдағы уақытта көрініп тұрған процесті жояды.
ЕСКЕРІМ: Егер сіз көшір тапсырмасынан бас тартсаңыз, құжатты планшетті сканерден алыңыз.
Көшірмелерді үлкейту немесе кішірейту
Ағымдағы тапсырма үшін көшірмелерді кішірейту немесе үлкейту
1. Өнімнің басқару панелінде More Copy Settings (Көбірек көшірме параметрлері) басыңыз.
2. Reduce/Enlarge (Кішірейту/Үлкейту) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK басыңыз.
3. Осы тапсырмадағы көшірмелерді үлкейту немесе кішірейту үшін өлшемді таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сіз Custom (Таңдамалы) таңдасаңыз: 25-400%, пайыздық көрсеткішті қою
үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланыңыз.
Егер сіз 2 pages/sheet (2 бет/парақ) немесе 4 pages/sheet (4 бет/парақ) таңдасаңыз, бағытын
(портрет немесе ландшафт) таңдаңыз.
4. Таңдауыңызды сақтап, көшірме тапсырмасын орындауды бастау үшін Көшіруді бастау
басыңыз немесе таңдауыңызды көшірме тапсырмасын орындауды бастамай сақтау үшін
OK басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін мөлшермен
2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің дисплейіне
Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Сіз баспа құралының кіріс науасындағы баспа құралының стандартты өлшемін сəйкес шығару
өлшеміне өзгертуіңіз тиіс, болмаған жағдайда көшірмеңіздің бір бөлігі қиылып қалуы мүмкін.
Стандартты көшірме өлшемін реттеу
ЕСКЕРІМ: Стандартты көшірме өлшемі болып көшірмелері қалыпты кішірейтілген немесе
кеңейтілген көшірмелер табылады. Егер сіз Original=100% (Түпнұсқаl=100%) параметрінің
зауыттық стандартты өлшемін қалдырсаңыз, барлық көшірме өлшемі түпнұсқа өлшеміне тең
болады.
1. Орнату басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Көшірме орнату таңдап алу үшін пайдаланып, OK басыңыз.
3. Def. Redu/Enlrg (Стандартты кішірейту/үлкейту) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды көшірмені кішірейткіңіз немесе ұлғайтқыңыз келетін өлшем
опциясын таңдау үшін пайдаланыңыз.
KKWW Көшірмені пайдаланыңыз 55