HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін
мөлшермен 2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің
дисплейіне Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Стандартты көшірме өлшемін реттеу
1. Өнімнің басқару панеліндегі Орнату басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Көшірме орнату таңдап алу үшін пайдаланып, OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып Default quality (Стандартты сапа) таңдаңыз да,
OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіші батырмаларын көшірме сапасын таңдау үшін пайдаланыңыз да, таңдауды
сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Сканер шынысын тазалау
Саусақ іздері, дақтар, шаш жəне сол сияқтылар түскен лас шыны сапаны төмендетіп, бетке
сəйкестендіру жəне көшіру сияқты арнайы ерекшеліктерге кері əсерін тигізеді.
1. Өнімді өшіріп, қорек сымын электр розеткасынан ажыратыңыз да, қақпақты көтеріңіз.
2. Шыныны тырнамайтын шыны тазалау құралына малынған жұмсақ шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында тырнаушы затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды шыныға құймаңыз. Олар шыны астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
3. Дақ түсірмес үшін, шыныны былғары немесе целлулоза губкасымен құрғатыңыз.
Ашықтық/қоюлық (контраст) параметрлерін реттеу
Ашықтық/қоюлық параметрлері көшірменің ашықтығына немесе қоюлығына (контрастына) əсер
етеді. Келесі процедураларды тек ағымдағы көшірме тапсырысының контрастын өзгерту үшін
ғана орындаңыз.
KKWW Көшіру параметрлері 57










