HP LaserJet M1120 Multifunction Printer Series User's Guide

Ағымдағы көшірме тапсырысының ашықтық/қоюлық параметрлерін реттеңіз
1. Өнімнің басқару панелінде ағымдағы көшірме тапсырмасының контраст параметрлерін көру
үшін Lighter/Darker (Ашықтау/Қоюлау) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы параметрлерді реттеу үшін пайдаланыңыз. Көшірмені
түпнұсқадан ашықтау ету үшін сырғытпаны солға қарай жылжытыңыз немесе көшірмені
түпнұсқадан қоюлау ету үшін сырғытпаны оңға қарай жылжытыңыз.
3. Таңдауыңызды сақтап, көшірме
тапсырмасын орындауды бастау үшін Көшіруді бастау
басыңыз немесе таңдауыңызды көшірме тапсырмасын орындауды бастамай сақтау үшін
OK басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін
мөлшермен 2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің
дисплейіне Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Стандартты ашықтау/қоюлау параметрлерін реттеу
ЕСКЕРІМ: Стандартты ашықтық/қоюлық параметрлері барлық көшірменің ашықтығына немесе
қоюлығына əсер етеді.
1. Өнімнің басқару панеліндегі Орнату басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Көшірме орнату таңдау үшін пайдаланып, одан кейін OK
басыңыз.
3. Def. Light/dark (Стандартты ашық/қою) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды параметрлерді реттеу үшін пайдаланыңыз. Көшірменің
барлығын түпнұсқадан ашығырақ ету үшін сырғытпаны солға қарай жылжытыңыз немесе
көшірменің барлығын
түпнұсқадан қоюрақ ету үшін сырғытпаны оңға қарай жылжытыңыз.
5. Таңдауыңызды сақтау үшін OK басыңыз.
Көшірме тапсырмасының баспа тығыздығын өзгертіңіз.
Өнімнің басқару панелінде баспа тығыздығын арттыру беттегі баспаны қарайтады.
1. Өнімнің басқару панелінде Орнату батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Жүйені орнату таңдап алу үшін пайдаланып, OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырманы Paper setup (Қағаз баптау) таңдау үшін пайдаланып, одан кейін
OK басыңыз.
4. Print Density (Баспа тығыздығы) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан
кейін OK батырмасын басыңыз.
5. Тығыздық параметрін көбейту немесе азайту үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Таңдамалы көшірме параметрлерін анықтау
Сіз басқару панелінде көшірме параметрлерін өзгерткеніңізде, басқару панелінің дисплейіне
Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады. Таңдамалы параметрлер мөлшермен
58 Бап 8 Көшіру KKWW